Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтаулық полицейлер карантинге қарамастан мейрамханада өткен тойдың үстінен түсті (видео)

Опубликовано:

үйлену
Көрнекі фото: pexels.com

Ақтауда құқық қорғау органдарының қызметкерлері рейд кезінде мейрамханалардың біріндегі тойды тоқтатты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Маңғыстау облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Көңілді кеш қаладағы мейрамханалардың бірінде өтіп жатқаны хабарланды. Салтанатты шараға 50 қонақ жиналған.

Карантин талаптарын бұзғаны үшін полиция инспекторлары мейрамхана әкімшілігіне ҚР Әкімшілік жауапкершілік кодексі бойынша хаттама толтырған.

Барлық жиналған материалдар Облыстық денсаулық сақтау департаменті Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету басқармасына жіберілген.

Ғимарат иесі мен оның қызметкерлеріне ірі сомада айыппұл салынуы мүмкін.

Еске сала кетсек, елімізде шілде айынан бері карантин ережесін бұзғандарға 895 млн теңге айыппұл салынып, 16 мыңдай әкімшілік хаттама толтырылған.

Coronavirus2020 telegram арнасының хабарлауынша, статистикалық деректерге сәйкес, 5 шілдеден бастап Алматы, Түркістан және Қостанай облыстарының тұрғындары карантин ережелерін сақтамағаны үшін жауапқа жиі тартылған.

Дәл осы өңірлер ереже бұзу бойынша үштікке енген. Алматыда 3837, Түркістан облысында 2974, Қостанай облысында 1323 әкімшілік хаттама толтырылған.

Айта кетсек, бұған дейін Қазақстанға келетін жолаушыларға жаңа талаптар енгізілгенін хабарлаған едік.

Сонымен бірге, шекара қызметі Қазақстан шекарасынан кімдердің өте алатынын айтып берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1878971-aktaulyk-policejler-karantinge-karamastan-mejramhanada-tken-tojdy-stinen-tsti-video/

pixel