RU

Қазақстандық студенттер Ресейге тек ұшақпен бара алады

Ұшақ1
Көрнекі фото: piqsels.com

Қыркүйек айынан бастап Ресей үкіметі Қазақстан азаматтарына елге әуе бекеттері арқылы шектеусіз кіруге рұқсат берді. Алайда құрлық арқылы кірудің шарттары өзгермеген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасы елшілігінің ресми сайтында хабарланғандай, қазақстандық студенттер Ресейге тек ұшақ арқылы кіре алады.

Елшіліктің түсіндіруінше, келген соң студент көші-қон картасында "Оқу" сапарының мақсатын өз бетінше көрсете алады. Осының негізінде оқу орны қажетті мерзімге тіркеуді дайындайды.

Сондай-ақ Ресейге үшінші елдер арқылы транзиттік жолмен келу үшін сол елдерде тұруға рұқсаты болуы керектігі белгілі болды.

"Мысалы, егер ҚР азаматы Ресейге Қазақстаннан емес, Түркиядан ұшуға шешім қабылдаса, онда оны Ресейге Түркияда тұруға рұқсаты болған жағдайда ғана кіргізеді", - деді елшілік.

Сонымен бірге, Ресейге барушыларда ұшқанға дейін 72 сағат ішінде тапсырылған ПЦР-тестінің теріс нәтижесін растайтын анықтама болуы керек.

Қазіргі таңда Ресейге аптасына екі рейс жасалатыны хабарланды.

Еске сала кетсек, Ресейдің Қазақстандағы елшлілігі қазақстандықтардың елге кіру ережелерін түсіндіргенін жазған едік.

Әуе бекеттері арқылы кез келген адам шекарадан өте алады. Дегенмен коронавирус жоқтығын растайтын анықтама болуы міндетті.

Ведомствоның хабарлауынша, әуе байланысы 21 қыркүйектен бастап қайта жанданған. Рейсті Air Astana және "Аэрофлот" әуе компаниялары жасап жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1878972-kazakstandyk-studentter-resejge-tek-sakpen-bara-alady.html