RU

Үсік, дауыл, жел: 12 қазанда еліміздің бірнеше өңіріне дауылды ескерту жарияланды

ауа райы1
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

12 қазанда Қазақстанның бірнеше өңірлеріне дабылды ескерту жарияланды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қазгидрометке сілтеме жасап.

Синоптиктердің ақпаратына сүйенсек, 12 қазанда Маңғыстау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.

Ақтау қаласында күндіз шаңды дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 18 м/с күтіледі.

Метеорологтар 12 қазанда Түркістан облысының кей жерлерінде солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтілетінін айтты. Түнде кей жерлерде 1 градус үсік сақталады.

Сондай-ақ, 12 қазанда күндіз Қызылорда облысында солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.

Еске сала кетсек, бүгін елордамыз Нұр-Сұлтан қаласында алғашқы қар жауды. "Қазгидромет" РМК синоптиктері Нұр-Сұлтан қаласының алдағы екі күніне болжам жасады.

Сонымен 7 қазанда елордада +3 пен +5 арасында нөлден жоғары болады. 8 қазанда ауа температурасы минусқа дейін төмендейді: түнде -3 пен -5, ал күндіз +1 мен +3.

Ал кеше оңтүстік астананың таулы аймқтарына алғашқы ақ ұлпа түскен болатын.

Осылайша, кеш Алматы облысындағы тас жолдарды қар басып қалды. Салдарынан жазғы дөңгелегі бар көліктер тас жолдың биік белесіне шыға алмай, кептеліп қалғандықтан, ондағы адамдарды шұғыл эвакуациялауға тура келген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1878980-sik-dauyl-zel-12-kazanda-elimizdi-birnese-irine-dauyldy-eskertu-zarialandy.html