Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қанша түсіндіруге тырыссақ та, жұрт түсінбейді": Таразда жасырын той жасайтындар тыйылмай тұр

Опубликовано:

үйлену
Көрнекі фото: pexels.com

Таразда карантинге қарамастан жасырын той жасайтындар тыйылмай тұр. Жұрт мейрамханаларда есікті іштен құлыптап қойып мейман күтетін болған. Тіпті, таяуда тексерісте той иелерінің өзі бақылау тобына тап берген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.

Таразда пандемия басталғалы коронавирус жұқтырғандар саны 1600-ге жуықтаған. Ескертулер мен жүргізілген түсіндіру жұмыстарына қарамастан тойхана қожайындары жұмыс істеуін тоқтатар емес.

Мәселен бақылау тобы тексеріс кезінде бір күннің өзінде бірнеше салтанатты шараның үстінен түскен. Көп жағдайда мейрамханалардың ішіне кіру мүмкін болмайды екен.

Тіпті, топ мүшелері есік ашпағандардың есігін бұзып кіруге көшкен. Қазір шаһарда 12 топ тәулік сайын мониторинг жүргізеді.

Тәртіп бұзғандар анықталған жағдайда хаттама толтырылады. Пандемия басталғалы тойхана иелеріне 15 миллион теңге көлемінде айыппұл салынған.

"Мәселен жақында ғана 500 адамға арналған тойдың үстінен түстік. Той иелерінің өзі бізге тап беріп, қарсылық білдірді. Мүмкін қонақтардың арасында науқас адам бар шығар? Бір адам жүздеген адамға вирус жұқтыруы мүмкін. Қанша түсіндіруге тырыссақ та, жұрт түсінбейді", - дейді қоғамдық бақылау тобының мүшесі Николай Чагай.

Мамандар бұлай жалғаса берсе, инфекция қайта өршіп, қоғамға айтарлықтай қауіп төнуі мүмкін екенін айтып дабыл қағып отыр.

Айта кетейік, бұған дейін Ақтауда құқық қорғау органдарының қызметкерлері рейд кезінде мейрамханалардың біріндегі тойдың үстінен түскенін хабарлаған едік.

Карантин талаптарын бұзғаны үшін полиция инспекторлары мейрамхана әкімшілігіне Әкімшілік кодекс бойынша хаттама толтырған. Ғимарат иесі енді ірі көлемде айыппұл төлеуі мүмкін.

Жалпы елімізде шілде айынан бері карантин ережесін бұзғандарға 895 млн теңге айыппұл салынып, 16 мыңдай әкімшілік хаттама толтырылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1878988-kansa-tsindiruge-tyryssak-ta-zrt-tsinbejdi-tarazda-zasyryn-toj-zasajtyndar-tyjylmaj-tr/

pixel