RU

Бір жыл бойы мұздатқышта қатырылған кеспені жеген бір отбасының жеті мүшесі көз жұмды

Кеспе
Көрнекі фото: 24.kz

Қытайда жеті адам жыл бойы мұздатқышта қатырылған кеспені жегеннен кейін қайтыс болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы Хабар24-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Жергілікті Xinhua агенттігінің ақпаратына сәйкес, Қытайдың Хэйлунцзян провинциясында жеті адам түскі тамақтан уланып көз жұмған.

Қайғылы оқиға Цзидун уездінде болған. Ван есімді тұрғын өз отбасының сегіз мүшесімен бірге бір жыл бойы мұздатылған күйі сақталған жергілікті тағам – ашыған кеспені жегеннен кейін, барлығы уланып қалған.

Тәртіп сақшылары қасақана өлтіру мақсатында тағаммен улау болжамын теріске шығарып отыр. Себебі оқиға орнында тәркіге алынған кеспеден улы зат табылмаған. Зертханалық сараптамалардың нәтижесіне сәйкес, кеспедегі афлатоксин мөлшері тиісті нормадан әлдеқайда асып кеткен екен.

Тергеу "марқұмдар афлатоксинмен уланған" деген ұйғарымға келген.

Еске салсақ, бұған дейін біз Бразилияда асқазаны ауырғанға шағымданған қыздың көзінен жастың орнына қан аққанын жазған болатынбыз. Көзінен қан аққан 15 жастағы қыз дәрігерлердің таңданысын тудырған.

Одан бөлек, Таиландта әйел адам шаянның етін жеймін деп көз жұмғанын жазған едік.

46 жастағы әйел мангр шаянын жегеннен кейін бас ауруына шағымданып, аяғын баса алмай қалған. Ол артынша емханада көз жұмған.

Теңіз фаунасының маманы Сон Вонгсала мангр шаянының еті улы болуы мүмкін екенін және оны жеуге болмайтынын айтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1878990-zyl-bojy-mzdatkysta-katyrylgan-kespeni-zegen-bir-otbasyny-zeti-adamy-kaza-tapty.html