RU

Өзбекстанда көңілдесімен төсек қатынасы кезінде есінен танып қалған ер адам қайтыс болды

Төсек қатынасы
Көрнекі сурет: pixabay.com

Өзбекстанның Сырдария облысында тұрғын әйелінің көзіне шөп салу кезінде жүрек талмасынан қайтыс болған. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы Sputnik Өзбекстанға сілтеме жасап хабарлайды.

Басылымның жазуынша, Хаваский аудандық сотының мәліметінше, жергілікті тұрғын көңілдесімен интимдік қатынас кезінде есінен танып қалып, қайта есін жимаған.

Қоғам алдында масқара болудан қорыққан көңілдесі жедел жәрдем шақырмаған көрінеді. Керісінше, ол марқұмның денесін 6 сағат бойы үйде ұстап, түнде оның денесін жасырмақ болады. Ол денені арбаға тиеп, жол бойына лақтырып жіберген.

Әйел адамға қатысты қылмыстық іс қозғалған. Сот әйелді Өзбекстан Республикасы Қылмыстық кодексінің "Адам өміріне немесе денсаулығына қауіп төнген жағдайда оны көмексіз қалдыру" бабы бойынша кінәлі деп тауып, жаза тағайындаған.

Еске салақ, бұған дейін Замбияда ашушаң әйел сөзіне құлақ аспаған күйеуінің әуретті жерін жұлып алғанын жазған болатынбыз. Ерлі-зайыптылар үйіндегі тышқанға бола жанжалдасқан. Ауыр дене жарақатын алған азамат емханаға жатқызылған.

Одан бөлек, Дағыстанда 23 жастағы бойжеткен той үстінде қайтыс болғанын жазған едік. Жергілікті Коммуникация қызметі басқармасының сайтында жария болған ақпаратқа сәйкес, қалыңдықтың өліміне той алдындағы қатты қобалжу себеп болған.

Бойжеткеннің бала кезінен жүрегі ауыратын болып шықты. Алдын ала болжам бойынша ол инсульттан көз жұмған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1879003-zbekstanda-kildesimen-tsek-katynasy-kezinde-esinen-tanyp-kalgan-er-adam-kajtys-boldy.html