RU

ШҚО-да "жасырынбақ" ойнаған 10 жастағы қыз бала кір жуғыш машинаға кептеліп қалды

Фото
Фото: pixabay.com

Шығыс Қазақстан облысында 10 жастағы қыз бала кір жуғыш машинасына кептеліп қалды деп жазады KAZ.NUR.KZ портаы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне мәліметінше, Белый Камень ауылындағы үйлердің бірінде жасырынбақ ойнап жүрген 10 жастағы қыз бала кір жуғыш машинасына барып, жасырынған. Кейін ол өздігінен әлгі құрылғыдан шыға алмай қалған.

Оқиға орнына келген құтқарушылар машинаның кейбір бөлшектерін ажыратып, қыз баланы шығарып алған.

Одан бөлек, жедел жәрдем қызметінің өкілдері мектеп оқушысының зардап шекпегенін, денесінде ешқандай жарақат немесе сынған мүшелер жоқ екенін жеткізген.

Құтқарушылар балаларды қараусыз қалдырудың қаншалықты қауіпті екенін тағы да ескертті.

"Өте сақ болыңыздар! Балаларыңызбен мұқият түсіндіру жұмыстарын жүргізіңіздер. Оларға қауіпсіздік шараларын сақтаудың қаншалықты маңызды екенін ескертіңіздер!", - деді ведомство.

Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада 40-тан астам автокөлік Өскемен-Риддер тас жолындағы Михайловка және Секисовка ауылдары маңында бұрқасын мен көктайғақ салдарынан қар құрсауында қалғанын жазған едік.

Сонымен қатар, Алматы облысында да қалың қар салдарынан 25-тен астам көлік кептеліп қалған еді. Жазғы дөңгелегі бар көліктер тас жолдың биік белесіне шыға алмай, кептеліп қалғандықтан, ондағы адамдарды шұғыл эвакуациялауға тура келген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1879014-sko-da-zasyrynbak-ojnagan-10-zastagy-kyz-bala-kir-zugys-masinaga-keptelip-kaldy.html