Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қырғызстанның жаңа премьер-министрі: Кейбір депутаттар Алматыға қашып кетті

Опубликовано:

Садыр Жапаров
Садыр Жапаров. Фото: Getty Images/ Mikhail Yegikov / Contributor

Көрші елдің жаңа сайланған премьер-министрі Садыр Жапаров 5-6 қазандағы халық толқулары кезінде Қырғызстан парламентінің кейбір депутаттары Алматыға қашып кеткенін мәлімдеді деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы Азаттық Радиосына сілтеме жасап.

Өз ойын Садыр Жапаров Жогорку Кеңештің кезектен тыс отырысында жеткізді.

Оның айтуынша, 6 қазанға қараған түні болған оқиға төңкеріс емес.

"Төңкеріс – бұл билікті басып алу. Ондай кезде президент және өзге де легитимді органдар елден қашады. Бізде билік халық толқуы кезінде ауысты, бірақ бұл заңды жолмен орын алды. Бар мәселе парламент депутаттарының қашып кеткенінде", - деді Қырғызстанның жаңа премьер-министрі.

Басылым таратқан ақпаратқа сәйкес, оның бұл сөзі жиынға қатысқан депутаттардың шамына тиген. Халық қалаулылары ескерту жасағаннан кейін Жапаров сөзінен жартылай бас тартуға мәжбүр болыпты.

"Кешірім өтінемін. Мен кейбір депутаттардың Алматыға қашқанын естіген едім. Кей адамдардың айтуынша, олар әлі сонда", - деп ойын толықтырды Қырғызстанның үкімет басшысы.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Садыр Жапаров Қырғызстанның жаңа премьер-министрі болып тағайындалғаны хабарланған еді.

Садыр Жапаров – Жогорку Кеңештің бұрынғы депутаты. 2017 жылы Бішкек соты оны 2013 жылы Қаракөлде болған митингіні ұйымдастырды және Ыстықкөл облысының сол кездегі басшысын кепілге алды деп 11,5 жылға бас бостандығынан айырған еді.

Жапаров күшейтілген тәртіптегі колонияда қамауда болған. 6 қазанға қараған түні демонстранттар оны босатып алды.

Одан бөлек, Қырғызстан басшысы Сооронбай Жээнбеков қандай жағдайда президенттіктен кетуге дайын екенін айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1879020-kyrgyzstanny-zaa-premer-ministri-kejbir-deputattar-almatyga-kasyp-ketti/

pixel