RU

Қазақстанның Молдова, Кувейт және Кипердегі елшілері тағайындалды

шенеунік6
Көрнекі фото: pixabay.com

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Қазақстанның шет мемлекеттердегі бірқатар елшісі тағайындалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Президент жарлығымен:

Азамат Рахманқұлұлы Бердібай Қазақстан Республикасының Кувейт Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне;

Қазақстан Республикасының Украинадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дархан Аманұлы Кәлетаев Қазақстан Республикасының Молдова Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне;

Қазақстан Республикасының Израиль Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Сатыбалды Ересұлы Бұршақов Қазақстан Республикасының Кипр Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды.

Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада мемлекет басшысы коронавирус індетінің екінші кезеңіне дайындық жөнінде кеңес өткізген болатын.

Қасым-Жомарт Тоқаев кеңесте бірқатар мәселені көтеріп, әуежайлар мен вокзалдарда қатаң эпидемиялық бақылау режимін қайтару керектігін айтқан болатын.

Сонымен қатар президент емханалары мен ауруханаларының дайындығы нашар облыстарды атап, жіберілген кемшіліктерді дереу түзетуді тапсырған еді.

Сондай-ақ мемлекет басшысы "Қазақтелеком" төрағасы Қуанышбек Есекеевті қабылдап, интернет сапасын арттыру, ұялы байланыстың қолжетімділігін кеңейту сынды бірқатар міндет жүктеді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1879045-darhan-kletaev-kazakstanny-moldovadagy-elsisi-bolyp-tagajyndaldy.html