RU

Алдын ала нәтиже бойынша Тәжікстандағы сайлауда Эмомали Рахмон жеңіске жетті

Тәжікстан президенті
Фото: © РИА Новости / Сергей Пятаков

11 қазан күні Тәжікстанда президент сайлауы өтті. Алдын ала нәтиже бойынша, Эмомали Рахмон жеңіске жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Тәжікстанның қазіргі басшысы Эмомали Рахмон президент сайлауында 90,92 пайызбен жеңіске жетті", - деп хабарлайды РИА Новости Тәжікстан ОСК сілтеме жасап.

Тәжікстан Орталық сайлау комиссиясы 11 қазанда елде президент сайлауы өткенін мәлімдеді. Дауыс беруге сайлаушылардың 70 пайызынан көбі қатысқан.

Алдын ала нәтиже бойынша, елдің қазіргі президенті Халық-демократиялық партиясының өкілі Эмомали Рахмон бесінші рет жеңіске жетіп отыр.

Эмомали Рахмон Тәжікстан президенті қызметін 1994 жылдан бері атқарып келеді. Төрт жыл бұрын Тәжікстан Конституциялық соты ел Конституциясына түзетулерді мақұлдаған болатын. Оған сәйкес, Рахмонға президенттікке сайлауға түсуге мүлде шектеу қойылмайды.

Тәжікстан президенті қызметіне коммунистік партиядан Абдуллоев Мирод, социалистік партиядан Гаффорзод Абдухалим, аграрлық партиядан Латифзода Рустам және экономикалық реформалар партиясынан Рахматзода Рустам ұсынылған.

"Радио Озоди" ақпарынша, шетелдегі тәжікстандық оппозиция президент сайлауын "заңсыз" деп есептеп, халықаралық ұйымдарды оның нәтижесін мойындамауға шақырған.

Айта кетейік, осыған дейін Тәжікстанды 28 жыл басқарған Рахмон президент сайлауына кандидат ретінде ұсынылғанын жазған едік.

Ал оған дейін Тәжікстанның төменгі палатасы қызмет бабында жасалған қылмыстар үшін берілетін жазаны күшейткенін хабарлағанбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1879058-emomali-rahmon-tzikstandagy-sajlauda-aldyn-ala-ntize-bojynsa-zeiske-zetti.html