Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Алланың бергені": Азамат Сатыбалды жалғыз ұлына не үшін өкпелеген

Опубликовано:

Азамат Сатыбалды ұлымен
Фото: Видеодан кадр

Отандық танымал актер Азамат Сатыбалды баласы туралы жан сырын ақтарды. Бүгінде жалғыз ұлды тәрбиелеп отырған жұлдызды жұп оның артынан іні-қарындастары ергенін қатты қалаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Азамат Сатыбалдының айтуынша, жары Назгүл Қарабалина екеуі үлкен отбасы құруды армандаған. Бірақ, жұлдызды жұпқа тек бір перзенттің ата-анасы болу бақыты бұйырған.

Өнер иелері көптеген жерлерге барып, көмек сұраған. Алайда, олардың іс-әрекеттерінен ешқандай нәтиже шықпаған. Бұл туралы актердің өзі "Ревю" бағдарламасына берген сұхбаты барысында айтып берді.

"Бос уақытымды мүмкіндігінше отбасыма арнауға тырысамын. Маған енді Алланың берген жалғыз ұлым бар. Мүмкіндік бола қойған жағдайда, баламның қасында болуға тырысамын. Бірге жүруге, бірге сырласуға тырысамын. Қолы бос болса, бірге алып жүремін. Өйткені, мен әке тәрбиесін көріп өстім. Ұл бала әкесіне қарап өсу керек. Қолым қалай босайды, бірден отбасыма уақыт арнаймын. Алланың бергені сол болды. Мен енді көп бала болмасын деп ойлаған жоқпын.
Біз қаладық соны. Бармаған жеріміз, баспаған тауымыз қалмады. Барлық жерге бардық, көрдік те. Енді Алла бермегеннен кейін бір досым меніорныма қойды. Сабырға шақырды. "Алла бір бала бере ме он балаға татитын, жоқ он бала бере ме бір балаға татитын" деген еді. Сол досымның сөзінен кейін сабыр сақтап, Алланың берген бір баласына тәубә деп отырмыз" , - деп ағынан жарылды актер.

Оған қоса, өнер иесі жақында ғана ұлына өкпелеп қалғанын да жасырмай айтты.

"Өнерге жақын емес. Қандай мамандық иесі болатынын білмеймін. Дипломат ұнайды деп қояды. Бірақ, өткенде мені ренжітті. Назгүл екеуміз отырмыз үйде, осы мамандық тақырыбына қатысты сөйлескен едік. Ұлымыздан қандай мамандық иесі болғысы келетінін сқрадық. Ол "біресе дипломат, біресе анау, немесе мынау боламын" деді. Сосын "ештеңе болмай бара жатса, актер бола саламын"дейтіні бар емес пе!? Назгүл екеуміздің ашуланғанымызды көрсең. Біздің мамандықты түсіріп тастағаны ұнамады" , - деді. Азамат Сатыбалды.

Айта кетейік, бұған дейін Азамат Сатыбалды келіншегі Назгүл Қарабалинамен он жылға жуық екі бөлек, екі қалада тұрғандарын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1879060-allany-bergeni-azamat-satybaldy-zalgyz-lyna-ne-sin-kpelegen/

pixel