Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Анасы коронавирустан комаға түскен егіздер аман-есен дүниеге келді

Опубликовано:

Егіздер
Фото: Bryan Green / SWNS

Ұлыбританияда коронавирустан комаға түскен ана аман-есен егіздерді дүниеге әкеле алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Бұл жайта Ұлыбританияның Белфст қаласында болған деп жазады metro.co.uk. Ава мен Амелия есімді егіздердің ата-анасы атанған Даниэль Мартин мен Брайан Гриннің қуаныштарында шек жоқ.

Ана
Фото: Bryan Green / SWNS

Аяғы ауыр екенін наурызда білген 32 жастағы Даниэль карантин енгізілгеннен кейін бірнеше апта өткенде коронавирус жұқтырған.

Бес баланың анасы атанып отырған Даниэль қатты сырқаттанғаны соншалық, дәрігерлер оны жасанды комаға жіберуге мәжбүр болады. Екі аптаға комаға жіберліген келіншектің егіздерге аяғы ауыр екенін ұққан дәрігерлер оларды аман алып қалу үшін барын салған.

Ата-ана
Фото: Bryan Green / SWNS

Абырой болғанда он күн ішінде күш-қуат жинаған Даниэль комадан шыққан. Жетінші қазан күні ол егіз қыздарды дүниеге әкелген.

"Бұл біз үшін нағыз ғажайыптың өзі. Үш ұлым бар, енді екі қызым қосылып, үйіміз шаттыққа толды", - дейді Брайан.
Ана
Фото: Bryan Green / SWNS

Дәрігерлер егіздердің тірі қалатынына сенбеген. Десе де дертін жеңе алған Даниэль күйеуін сүйінші хабармен қуантады.

Брайан әйелінің егіздерге жүкті екенін білмеген екен. Әйелінің өмірі үшін жанын шүберекке түйіп отырған азамат бәрі жақсы аяқталғанына алғысын жаудыруда.

Ата-ана
Фото: Bryan Green / SWNS

Еске салсақ, бұған дейін біз 23 жасында 6 баланың анасы атанған түркістандық келіншек туралы жазған едік.

Одан бөлек, Ұлыбританияда тойдағы 250 қонақты жасырған жас жұбайлар карантинді бұзбаудың амалын тапқанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1879061-anasy-koronavirustan-komaga-tsken-egizder-aman-esen-dniege-keldi/

pixel