RU

"Өзіңе үлкен рахмет": Жазира Байырбекова жолдасын туған күнімен ерекше құттықтады

Жазира мен Жанболат
Фото: Instagram/zhazira_bairbekova

Қазақстандық эстрада жұлдызы Жазира Байырбекова өмірдегі және өнердегі де жалғыз серігі, жолдасы Жанболат Ербатыровты туған күнімен құттықтады. Әнші отағасының жеке мерекесіне орай, екеуінің өмірінде орын алған қызықты әрі әсерлі сәттерін есіне алды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жазира Байырбекова Instagram парақшасы арқылы жолдасын жаңа жасымен құттықтап, оған жүрекжарды тілегін жолдады.

"Асып жатсам басып,құлап жатсам сүйеп. Сенің дәл осы болмысың мені халықтың махабатына бөлеп,батасын алып жүретін Жазира Байырбекова еткен шығар! Өзіңе үлкен рахмет! Жаңа жасыңыз құтты болсын,папасы" , - деп жазды әнші.

Оған қоса, өнер иесі күйеуі екеуінің қыз бен жігіт болып жүрген кезін және алғаш келін болып болып түскен сәтін есіне алды. Әнші отағасының туған күнінде барынша ашылып, оқырмандарына барлығын егжейлі-тегжейлі айтып берді.

"1-курсқа келген кезім. Бөлмедегі жасы менен үлкендеу қыздарға жігіттер қонаққа келіп отырды. Жанболат есікті қағып мені коридорға шақырды. "Сен әлі кішкентай қызсың.Үлкен жігіттермен отыруға болмайды саған.Одан да жүр далаға серуендеп таза ауа жұтып келейік" деді. Сонымен ол Жәкеңнің қулығы ма әлде қамқорлығы ма? Мен үшін әлі жұмбақ" - деп естелігімен бөлісті эстрада жұлдызы.

Байырбековаға ең алдымен, Жанболат Ербатыровтың анасына деген қамқорлығы аса қатты ұнаған.

"Келін болып түскен күннің ертесіне Жәкең маған "Үй жинау,тамақ жасау,бәрінің кірін жуу жаңа түскен келіннің мойнында.Таза істеуің керек.Шала болса ұят болады" деді. Бір кезде пол жуып жатсам артымнан келіп "дәл осы бөлменің полын өте таза жуу керек.Өйткені бұл бөлмеде Анам жатады" деді. Анасына деген құрметі бәрінен бөлек екенін бірінші күннен-ақ миыма құйып қойды. Бұл Жанболаттың бойындағы ең жақсы қасиеті деп білем" , - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1879083-zie-lken-rahmet-zazira-bajyrbekova-zoldasyn-tugan-knimen-erekse-kttyktady.html