RU

Алматыда шашын боятпақ болған әйел басын күйдіріп алды

Шаштараз
Көрнекі фото: segodnya.ua

Алматыда сұлулық салонында шаш боятамын деп басын күйдірген әйел сот арқылы моральдық шығын өндіріп алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Іс материалдарына сәйкес, келіншек шашын сарғайтпақ болып сұлулық салонына келген. Алайда шаштараздардың епсіздігінен басының терісі күйіп қалған.

"Сот медициналық сараптама нәтижесінде клиенттің денсаулығына жеңіл зақым келгені анықталды.
5 айға созылған емдеу курсына 600 мың теңге қаражат жұмсалған. Дауды сотқа жеткізбей шешу мүмкін болмағандықтан, әйел сотқа жүгінген", - дейді Алматы қалалық сотының баспасөз қызметінен.

Аудандық сот шешімімен әйелдің шағымы жартылай қанағаттандырылған.

Сұлулық салонынан 600 мың теңге медициналық шығынға, 50 мың теңге моральдық өтемақы ретінде өндірілген.

Сондай-ақ апелляциялық сот инстанциясы жауапкердің қарсы шағымын назарға алмай, сот үкімін өзгеріссіз қалдырған.

"Тұтынушының құқығы қорғалды. Сұлулық салонының басшылығы қызметкерлерінің біліктілігін арттырады деп ойлаймыз", - делінген соттың хабарламасында.

Айта кетейік, осыған дейін отандық әнші Айдана Мәлік бет-әлпетін өзгертпек ниетте пластика жасатып, қос жанарынан айырылып қала жаздағанын хабарлаған едік. Арзан бағадағы операцияға қызыққан арудың процедурадан кейін көзі ісіп, көгеріп кеткен екен.

Ал Бразилияда 34 жастағы Лейди Йохана Эррера бір уақытта жасалған үш пластикалық ота салдарынан көз жұмды. Оның келбетін өзгертпек болған дәрігерлердің білімі жоқ болып шыққан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1879093-almatyda-sasyn-boatpak-bolgan-jel-basyn-kjdirip-aldy.html