Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңажылдық дайындықты бастап кеткен отандық шенеуніктер кімдер

Опубликовано:

Шырша
Көрнекі фото: tolknews.ru

Еліміздің шенеуніктері пандемияға қарамастан, жаңажылдық дайындықты бастап кетіпті. Мемлекеттік сатып алу сайтындағы мәліметтерге сенсек, бірқатар әкімдік пен мектеп ұжымы шырша мен өзге де безендіру жұмыстарына әлден тапсырыс беріп қойған. Және бұл мақсатта миллиондап ақша бөліпті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Вирустың екінші толқыны деп, дүйім жұрт дүрбелеңде жүргенде біздің кей шенеуніктер жаңа жылдың дайындығымен дамыл таппай жүр. Мысалы, Қарағандыдағы №23 мектеп мұндай әзірлікті маусым-шілде айларында бастаған. Ал бұл уақытта біздің ел өлім-жітімнен енді-енді ес жиып жатқан еді. Бұған мемлекеттік сатып алу сайтындағы шыршаға берілген тапсырыс айғақ бола алады.

"Шыршаны сатып алу Жаңа жылға дайындық бастады деген сөз емес, ол болашаққа жоспарланған жұмыс. Екіншіден, шыршаны мемлекеттік сатып алудың баға ұсынуы бойынша өткізілді. Алғашқы берілген баға 714 мың теңге. Конкурсқа 5 жабдықтаушы қатысты. Соның ішінде ең төменгі баға берген 446 555 теңге", - дейді №23 мектеп директоры Нұркен Ашықбаев.

Балқаш қаласының әкімдігіне қарасты Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы жөніндегі бөлім де қысқа дайындықты әлдеқашан бастап кеткен. Қаланы эстетикалық безендіруге 13 млн теңгесін шытырлатып санап беруге дайын. Талдықорған қаласының әкімдігі де шаһар орталығын одан сайын әсемдеу үшін 10 млн теңге бөлгелі отыр.

Қар түспей жатып, қысқа қамданғандардың бірі - Нұр-Сұлтан қаласының Байқоңыр ауданы. Ғимараттарды безендіруге әкімдік 17 млн теңге бөлген.

"Сейфуллин бойында бұрынғы базар болған жерде 5 үй салынды ғой. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға берілді. Ешқандай Жаңа жылдың дайындығы емес. Жаңа жылға түк қатысы жоқ. Былтыр бөлінген ақша. Үй салынып жатқанда сондай безендіруге қосымша ақша бөлінеді. Қызыл жасыл әртүрлі түстері бар. Ондай көріп жүрсіздер ғой, қалада бүкіл жерде бар",- деді Ішкі саясат, әлеуметтік сала, кәсіпкерлік және мемлекеттік қызметтер жөніндегі Нұр-Сұлтан қаласы Байқоңыр ауданы әкімінің орынбасары Ерлан Жаулыбаев.

Осы орайда, денсаулық сақтау министрі желтоқсан айында локдаун енгізуді болжап отыр. Маска режимі бұзылса, бұл уақытта жоқ дегенде 65 мың адам ауруханаға жатқызылады екен

"Ең жаман сценарий бойынша, егер тек 60 пайыздық маска режимі қамтамасыз етілсе, 2020 жылдың қазан-желтоқсан айларында тіркелген жағдайлардың саны шамамен 190 мың адамға жетеді. 65 мың адам ауруханаға жатқызылады.

Локдаун енгізу желтоқсанның ортасына жоспарланған. Екінші шынайы сценарий бойынша, әлеуметтік қашықтық пен 70 пайыздық маска режимін сақталса, 2020 жылдың қазан-желтоқсан айларында болжамды жағдайлардың саны 90 мың адам болады",- деді Алексей Цой.

Айта кетейік, елде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 74 адам тіркелген. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 108 831-ге жетіп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1879103-zaazyldyk-dajyndykty-bastap-ketken-otandyk-seneunikter-kimder/

pixel