RU

Қырғызстан президенті Бішкекке қайтадан әскер кіргізуге тапсырма берді

Бішкек наразылық
Фото: 24.kg

Қырғызстанның президенті Сооронбай Жээнбеков ел астанасы Бішкекте қайтадан төтенше жағдай енгізді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қырғызстан президентінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Бұл шешім Қырғыз Республикасының Жоғарғы Кеңесінің астана аумағында бұрын енгізілген төтенше жағдай туралы мәселені үш күн ішінде қарамағандығына байланысты қабылданған.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, төтенше жағдай 12 қазан 20:00-ден басталып 19 қазан 07:00-ге дейін жалғасады. Осы ретте астанаға әскер кіргізіледі.

Жарлыққа сәйкес, Қырғызстан Қарулы күштерінің бас штабына "Бішкек қаласының аумағында блок бекет ұйымдастыру, қарулы қақтығыстарды ауыздықтау, заңдылық пен тәртіпті қорғауды қамтамасыз ету және бейбіт тұрғындарды қорғау үшін әскер әкелу" тапсырылған.

Еске сала кетсек, бұған дейін Сооронбай Жээнбеков 9 қазанда Бішкекте төтенше жағдай жариялаған болатын.

Мұндай шешім жаппай тәртіпсіздік нәтижесінде туындаған жағдайларға байланысты қабылданған.

Сол күні кешке ел президенті халыққа арналған үндеуін жариялаған еді.

Мемлекет басшысының айтуынша, кейбір саясаткерлердің асқақ амбициялары қырғызстандықтардың бейбіт өмірі мен елдегі тыныштықты қауіптің алдына қойған.

"Саяси үндеулермен қатар ел бірлігі мен қоғамның бейбіт өміріне нұқсан келтіретін арандатушылық шақырулар да болды. Қырғызстан қауіптің алдында тұр". - деді Жээнбеков.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1879109-kyrgyzstan-prezidenti-biskekke-kajtadan-sker-kirgizuge-tapsyrma-berdi.html