RU

Коронавирустан қайтыс болған: Ресейде тірі адамға жерлеу рәсімін өткізген

Жерлеу
Көрнекі фото: pixabay.com

Ресейдің Кемеров облысында коронавирустан қайтыс болған ер адам жерленіп қойған соң тіріліп кеткен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Gazeta.a42.ru порталына сілтеме жасап

Ленинск-Кузнецкий аймағы, Шабанов ауылының тұрғынына мүгедектер интернатында жатқан атасының коронавирустан қайтыс болғанын айтып, хабарласқан.

Алайда жабық табытқа салып, ер адамды жердеп қойған соң мекеме өкілі келіншекке хабарласып, оның туысы тірі екенін айтқан.

Аталған факті бойынша өңірдің денсаулық сақтау министрлігі тексеріс бастап кеткен.

"Кузбасс денсаулық сақтау министрлігінде қызметтік тексеріс жүргізілуде. Комиссия барлық медициналық ұйымдарға барды. Барлық медициналық құжаттар сұралды. Тексеріс аяқталған жоқ", - деді денсаулық сақтау министрінің орынбасары Юлия Брежнева.

Сондай-ақ, шенеунік қылмыстық іс қозғалғанын айтты.

Еске сала кетсек, Ұлыбританияда коронавирустан комаға түскен ана аман-есен егіздерді дүниеге әкелгенін жазған едік.

Бұл жайт Ұлыбританияның Белфст қаласында болған деп жазады metro.co.uk. Ава мен Амелия есімді егіздердің ата-анасы атанған Даниэль Мартин мен Брайан Гриннің қуаныштарында шек жоқ.

Бес баланың анасы атанып отырған Даниэль қатты сырқаттанғаны соншалық, дәрігерлер оны жасанды комаға жіберуге мәжбүр болады. Екі аптаға комаға жіберліген келіншектің егіздерге аяғы ауыр екенін ұққан дәрігерлер оларды аман алып қалу үшін барын салған.

Айта кетсек, Ұлыбританияда тойдағы 250 қонақты жасырған жас жұбайлар карантинді бұзбаудың амалын тапқанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1879118-koronavirustan-kajtys-bolgan-resejde-tiri-adamga-zerleu-rsimin-tkizgen.html