RU

Халықаралық рейспен Қазақстанға келген 6 адамнан коронавирус анықталды

Әуежай
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Еліміздің көліктегі бас санитар дәрігері Садуақас Байғабылов халықаралық рейcтер арқылы Қазақстанға ұшып келген алты жолаушыдан коронавирус анықталғанын хабарлады KAZ.NUR.KZ.

Байғабыловтың сөзінше, 6 мен 12 қазаy аралығында халықаралық рейстер арқылы елге 14 578 жолаушы келген. Оның 11 966-да ПЦР анықтама болса, тағы 2596 адамның коронавирус жұқтырмағанын растайтын құжаты жоқ.

ПЦР сынама жасату үшін 2596 қазақстандық екі апталық карантинге жатқызылған. 2596 адам тест тапсырған.

Солардың алтауында зерттеу нәтижесіне сәйкес коронавирус анықталған. Олардың үшеуі Алматы қаласына, біреуі Нұр-Сұлтанға және екеуі Шымкентке келген.

Сондай-ақ, анықталған инфекция ошақтарында эпидемиологияға қарсы шаралар жүргізіліп жатқаны хабарланды.

Еске сала кетсек, Қазақстанда тағы 74 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Осылайша, ел бойынша ауру жұқтырғандар саны 108 831-ге жетті.

Айта кетсек, 13 қазан 00.00 сағаттан бастап Маңғыстау облысында карантин талаптары күшейтілетінін хабарлаған едік.

Қоғамдық коммуникация орталығының мәліметінше, облыстың бас санитар дәрігерінің 28 тамыз күні шыққан қаулысына өзгерістер енгізілді.

Оған сәйкес: Тамақтану орындары, дәмханалар мен ірі супермаркеттер жұмысы 21.00-ге дейін қысқарады. Қоғамдық көліктер сенбі, жексенбі күндері жұмысын тоқтатады. Фитнес орталықтары мен жаттығу залдарының жұмысы тоқтатылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1879136-halykaralyk-rejspen-kazakstanga-kelgen-6-adamnan-koronavirus-anyktaldy.html