RU

Атыраулық 184 шенеуніктің бизнесмен әйелдері туралы белгілі болды

Бизнес ханымы
Көрнекі фото: pixabay.com

Атырау облысы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаменті өңірдегі әкімдік қызметкерлері туралы ақпаратты зерделеп, 184 шенеуніктің жұбайы кәсіпкерлікпен айналысатынын анықтаған деп жазады KAZ.NUR.KZ ATPress.kz-ке сілтеме жасап.

Ведомствоның ақпарынша, Атырау және аудандық әкімдіктен осындай 92 дерек анықталған.

Тағы 23-і облыстық басқармаларға, 69-ы орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелеріне тиесілі.

Сондай-ақ, 11 шенеунікте 3 ЖШС, 3 ЖК, 3 жеке шаруашылық болған. Олардың бірінде акция, тағы бірінде жарғылық капиталда үлесі бар.

Осыдан кейін облыстың орталық мемлекеттік органдарының әкімдіктері мен бөлімшелерінің басшыларына сыбайлас жемқорлық болу мүмкіндігін зерттеу және мүдделер қақтығысын болдырмауға бағытталған шаралар қабылдау туралы ұсыныс берілген.

Еске сала кетсек, Атырауда коронавируспен күресіп жүрген атыраулық дәрігерлер, заңды өтемақысын әлі ала алмай жүргенін жазған едік. Жауаптылардың уәдесін күтіп шаршаған ақ халаттылар, енді ақпарат құралдарынан көмек сұраған болатын.

Сондай-ақ, Атырауда тыйым салынғанына қарамастан түнгі клуб жұмыс істеп келгенін жазған едік.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, түнгі клуб Авангардтың екінші шағын ауданында жұмыс істеген. Әкімшілік құқық бузушылар түнгі сағат бірлер шамасында анықталды. Полиция қызметкерлері келген уақытта мұнда 100-ге жуық адамдар болған.

Қаланың дәл осы ықшамауданынан карантинге бағынбаған тағы бір кафе "табылған", онда 00.00-ден кейін 10-ға жуық қонақ дастарқан басында көңіл көтеріпті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1879141-atyraulyk-184-seneunikti-biznesmen-jelderi-turaly-belgili-boldy.html