RU

ПТР-анықтамасы жоқ 17 шетел азаматы Нұр-Сұлтан мен Алматыдан депортацияланды

Әуежай
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Нұр-Сұлтан мен Алматы әуежайларынан Қазақстанға талап етілген ПТР анықтамасыз келген 17 шетелдік депортацияланды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ көліктегі бас санитар дәрігер Сәдуақс Байғабыловқа сілтеме жасап хабарлайды.

Сандәрігер жаңа ережелер 6 қазаннан бастап күшіне енгенін хабарлады. Жаңа талапқа сәйкес, коронавирусқа 72 сағаттан ерте емес уақытта тапсырған ПТР тест нәтижесі көрсетілген анықтамасыз келген шетелдіктерге Қазақстанға кіруге тыйым салынады.

Анықталғандай, 6 қазан күні 17 шетелдіктің (оның ішінде тұруға ықтиярхаты бар азаматардың) қолында мерзімі өтіп кеткен ПТР-сараптамасы немесе экспресс-тест (ПТР емес) өткені туралы анықтамасы болған.

Осылайша, Нұр-Сұлтан әуежайынан 8 (бес ресейлік, екі Беларусь, бір Түркия азаматы), Алматы әуежайынан 9 (төрт ресейлік, екі Түркия азаматы, бір БАӘ, бір Германия және бір Өзбекстан азаматы) депортацияланды.

Депортацияланғандар арасында транзиттік жолаушылар да болған.

"Отандық, шетелдік авиакомпаниялармен және әуежайлардың мүдделі қызметтерімен COVID-19-ға ПТР анықтамасынсыз келген шетелдік азаматтарды депортациялау, сондай-ақ оның ұшу елінен өту мерзімдерін сақтау мәселелері бойынша қосымша семинар-кеңестер өткізілетін болады",- деп толықтырды Байғабылов.

Айта кетейік, Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 74 адам тіркелген. Осылайша, қазіргі уақытта елде COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 108 831-ге жетіп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1879147-ptr-anyktamasy-zok-17-setel-azamaty-nr-sltan-men-almatydan-deportacialandy.html