Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Зеленский президент қызметінен кетуге дайын екенін ашық жеткізді

Опубликовано:

Владимир Зеленский
Владимир Зеленский. Фото: Anna Marchenko\TASS via Getty Images

Владимир Зеленский Украинадағы соғысты тоқтата алмаса, онда президент лауазымынан кетуге дайын екенін айтты. Бұл туралы ол Ұлыбританияда берген сұхбатында мәлімдеген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Владимир Зеленскийдің сайлауалды үгіт-насихатының басты пункті Украинаның шығысындағы соғысты тоқтату болған. Алайда онда әлі де оқ атылып жүр.

Украина президенті Владимир Зеленский Би-би-сидің HARDtalk бағдарламасына сұхбат берген. Диалог кезінде ол президент тағынан айырылып қалудан қорықпайтынын жеткізді.

"Мұның мен үшін мәселе емес екенін білесіздер. Мен бірден рейтингке немесе билікке жабыспайтынымды айттым. Егер мен соғысты аяқтай алмасам, онда біздің елдеріміз арасындағы осы қайғылы оқиғаны аяқтай алатын басқа адам келуі керек", - деді Зеленский.

Жүргізуші Зеленскийге берген барлық уәдеңізді орындадыңыз ба деген сауал да қойған.

"Ең алдымен біз көптеген саясаткерлердің айтып жүргенін істедік. Президенттің импичменті туралы заң қабылдадық. Егер президент дұрыс болмаса, ол кім болса да, мен емес деп сенемін, қоғам осы немесе басқа президентке қарсы болса, оны қантөгіссіз, проблемасыз, ереуілсіз алып тастауға болады", - деді ол.

Сонымен бірге президент елде жасалған экономикалық, жер реформалары туралы айтып берді.

Зеленский соңғы 75 күнде шығыста тыныштық орнағанына баса назар аударған.

"75 күнде бір адам қайтыс болды - бұл нәтиже. Біреу. Мен бұл біздің жеңісіміз деп есептеймін. Бірақ сіз дұрыс айтасыз, біз берген уәдеміздің бәрін орындаған жоқпыз", - деді Зеленский.

Еске сала кетсек, Владимир Зеленский Ресей президенті Путинмен келіссөз жүргізуге дайын екенін жеткізген еді.

Сондай-ақ, танымал қазақстандық меценат, қоғам белсендісі Марғұлан Сейсембай енді Украина президенті Владимир Зеленскийдің қасында жұмыс істейтін болғанын хабарлаған едік.

Оның заң шығару саласының тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстары мемлекет басшысының көңілінен бірден шыққан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1879151-vladimir-zelenskij-prezident-kyzmetinen-ketuge-dajyn-ekenin-zetkizdi/

pixel