RU

"Дәрігерлерді қудалауда": Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасы түсінік берді

Дәрігер
Көрнекі фото: pixabay.com

Шымкентте Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасы жұмысшыларының қатысуымен жиналыс өтті. Қоғам белсендісі Дина Смаилованың айтуынша, мәселе анықталғаннан кейін дәрігерлер қудаланған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"НеМолчиKz" қоғамдық қорының басшысы Дина Смаилованың айтуынша, ақ халаттылар бірнеше ереже бұзушылықты анықтап, тексеріс жүргізуді өтінген. Оларға "тәртіпсіздіктен" зардап шеккендерден 20 шағым түскен.

Үстемақы ала алмай жүргендер де шағым жасаған екен. Медбикелердің айтуынша, олар пандемия кезінде небәрі 29-50 мың теңге арасында сыйақы алған. Қызметкерлер жұмыс орнында ауру жұқтырғандарға 2 млн теңге өтемақының да берілмегенін атап өтті.

"Ұзақ жұмыс тәжірибесі бар мейірбикелер, көпбалалы аналар мен жалғызбасты аналар көбіне қысым көріп, қудаланды! Егер біздің медицина қызметкерлері кедейлікке ұшырап, қудаланса, біз екінші толқыннан қалай аман қаламыз?", - делінген жазбада.

Кейінірек, Дина Смаилова "конференциядан кейін медбикелердің соңына түсу басталды, олар актілер жасайды, жұмыстан шығаруға дайындауда" деп жазды.

Жағдайға байланысты Түркістан облысы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі түсінік берді.

"Конференциядан кейін медбикелерді қудалау басталды деген ақпарат шындыққа жанаспайды", - деді ведомство.

Сонымен бірге Созақ аудандық ауруханасының екі қызметкері денсаулық жағдайына байланысты өз еркімен ақысыз демалыста екендігі хабарланды. Түркістан қалалық емханасының басшылығы тек бір дәрігерге жұмыста болмағаны үшін акт толтырылған.

Басқарманың айтуынша, бұл қызметкер өзінің кәсіби міндеттеріне қатысты кез-келген талаптарды орындаудан бас тартқан, әкімшіліктің нұсқауларын елемейді және этикалық нормаларды сақтамайды.

Еске сала кетсек, Атырауда COVID-19 жұқтырған дәрігерлер өтемақы түгіл тоқсандық сыйақыларын ала алмай жүргенін жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1879160-drigerlerdi-kudalauda-trkistan-oblysy-densaulyk-saktau-baskarmasy-tsinik-berdi.html