Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында жауған қарға қарамастан асфальт төсегендер видеоға түсіп қалды

Опубликовано:

Қар жауған
Видеодан кадр: instagram.com/taldykorganec.insta

Әлеуметтік желіде қар жауып тұрғанына қарамастан, жол төcеліп жатқан сәт бейнеленген видео тарады. Кадрлар Алматы облысы Кербұлақ ауданында түсірілгені айтылған. Аудандық әкімдік жағдайға түсініктеме берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Қарда асфальт төсеп жатыр. Классика жанры. Көгалы - Шаған", - делінген Instagram желісіндегі талдыкорганец парақшасындағы видеоға.

Ал желідегілер көргендерін қызу талқыға салған. Жол салушылардың бұл әрекеті көпшіліктің ашуына тиген.

Талқыға түскен жолға байланысты Кербұлақ аудандық әкімдігі де пікір білдірген. Мекеме видеоның Шаған ауылындағы жолда түсірілгенін айтты.

"2020 жылдың 6 қазанында қысқа мерзімді қардың түсуіне байланысты орташа жөндеу жұмыстары дереу тоқтатылды. 9 қазанда, ауа-райы жақсы болған кезде, жұмысты "Талг-строй" ЖШС мердігерлік ұйымы жалғастырды және осы күнге дейін жүргізілуде", - деді Кербұлақ ауданы әкімінің баспасөз хатшысы Мөлдір Иманмади.

Еске сала кетсек, Маңғыстау облысында автомобиль жолдарының құрылысымен айналысатын мердігерлердің тапқырлығы таңдандырған еді.

Аташ ауылындағы жол куәгерлердің камераларына түсіріп қалған. Жұмысшылар алаң бойымен өтетін газ құбырын елемей, асфальт төсеуді жалғастырған.

Жөндеу жұмыстары облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің назарын аудартып үлгерді. Бөлім ұсынған ақпарат бойынша, құрылысқа жауапты адамдарға хат жолданды.

Айта кетсек, Алматы облысының әкімдігі Шоңжыда салынып жатқан спорт кешенінің құлауы туралы айтты, оның құрылысына 1,1 млрд теңге бөлінген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1879174-almaty-oblysynda-zaugan-karga-karamastan-asfalt-tsegender-videoga-tsip-kaldy/

pixel