RU

5-сынып оқушысына арналған тапсырма желідегілердің шамына тиді (фото)

қашықтықтан оқу1
Көрнекі фото: Sputnik / Абзал Қалиев

Алматы тұрғыны әлеуметтік желіде БЖБ тапсыру аясында 5 сынып оқушыларына арналған тапсырманы жариялады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мектеп оқушылары үшін ерекше тапсырманы блогер және қоғам қайраткері Александр Цой өзінің Facebook парақшасында жариялады.

"ҚР білім. Қашықтықтан оқыту. 5 сынып оқушыларына арналған бақылау тапсырмасы" - деді блогер.

NUR.KZ релакциясы Алматы қаласы Білім басқармасына сауал жолдады. Ведомствоның баспасөз қызметі шын мәнісінде оқулықтарда мұндай тапсырма жоқ және бұл мәтін оқу бағдарламасына енгізілмегенін айтты.

"Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі шығармашылықпен айналысқысы келген және өз бетімен "Менің тілім - менің жауым, менің тілім менің досым" тақырыбында бірнеше тапсырма дайындаған екен", - делінген хабарламада.

Ведомствоның хабарлауынша, мұғалім үшін "Ессіз сөз және жақсы сөз" нақылының тәрбиелік бөлігі маңызды болғанымен, тапсырманың психологиялық бөлігінен қате кеткен.

Білім бөлімі ата-аналармен келіседі, олар бірден әлеуметтік желі арқылы мектеп әкімшілігіне хабарласқан.

Тапсырманы №132 гимназия мұғалімі тұжырымдағаны және мұндай тапсырманы тек бір сынып алғандығы атап өтілді.

Педагог және мектеп директорымен әңгіме жүргізілген. Ведомство олармен бірге ата-аналардан кешірім сұрайды.

Басқарма басқа мұғалімдер де осындай фактілерге назар аударып, қырағы болады деп үміттенеді.

Еске сала кетсек, ақтөбелік ұстаздар онлайн сабақта азғын сөздер көрсеткен адамның үстінен арыз жазған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1879178-5-synyp-okusysyna-arnalgan-tapsyrma-zelidegilerdi-samyna-tidi-foto.html