RU

Алматыда мас күйінде полициядан қашқан Lexus жүргізушісі ірі жол апатын жасады

лексус жүргізушісі
Фото: Polisia.kz

Алматыда мас күйінде көлік тізгіндеп, полициядан қашқан жүргізуші қолға түсті. Ол өзінің теріс әрекеттері салдарынан ірі жол апатын жасаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ішкі істер министрлігінің ресми сайты Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Абай мен Достық даңғылдарының қиылысында патрульдік полиция қызметкерлері “Лексус”  автокөлігіне назар аударған.

“Біріншіден, автокөлік жүргізушісінің агрессивті жүрісі көзге түсті – бұл патрульдік полиция қызметкерлерінің назарын аударды. Бірақ жүргізуші олардың талабына бағынбай, керісінше, рұқсат етілген жылдамдықтан асып, жасырынуға тырысты.

Алайда бұл әрекет сәтсіз аяқталды. Нәтижесінде құқық бұзушы сол бағытта келе жатқан екі көлікпен соқтығысты. Заңға бағынбаған жүргізуші ұсталып, көлік құралын айдау құқығынан шеттетілді.

Сот-наркологиялық сараптама оның алкогольдік масаң күйде екенін анықтады. Ер адамның барда алкогольдік ішімдік ішкендігі анықталды, – деп мәлімдеді Медеу ауданы полиция басқармасының бастығы Дәурен Өтебаев.

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен құқық бұзушы тоғыз жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылып, 25 тәулікке әкімшілік қамауға алынған.

Сонымен қатар, апат болған жерден кетіп қалғаны үшін күдіктіге  50 айлық есептік көрсеткіш  көлемінде айыппұл салынды.

Құқық бұзушы әкімшілік қамауға алынғандарға арналған ПД-ның мамандандырылған қабылдау орнына орналастырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1879188-almatyda-mas-kjinde-policiadan-kaskan-lexus-zrgizusisi-iri-zol-apatyn-zasady.html