RU

Атырау облысында карантиндік шектеу шаралары ұзартылды

атырау қаласы
Фото: www.the-village.kz

Атырау облысында бүгін түннен бастап карантиндік шектеу шаралары ұзартылады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Атырау облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері 2020 жылдың 12 қазанында өңірде карантин шараларын ұзарту туралы қаулыға қол қойды.

Қаулыға сәйкес, Атырау облысының аумағында 2020 жылғы 12 қазан сағат 00:00-ден бастап өңірдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақты болғанға дейін шектеу шаралары ұзартылады.

Және бес жасқа дейінгі балаларды, қоғамдық тамақтану орындарында тамақтану жағдайларын, жеке және 5 адамнан аспайтын топтық спортпен айналысатын адамдарды қоспағанда, әлеуметтік қашықтықты міндетті түрде сақтай отырып, қоғамдық орындарда, қоғамдық транспортта, халыққа қызмет көрсету және демалуға арналған ғимараттарда, ашық ауада медициналық немесе мата бетперделерін кию міндетті.

Сонымен қатар, демалыс және мереке күндері азық-түлік супермаркеттері мен олардағы дәріханаларды қоспағанда, сауда және ойын-сауық орталықтарының (бутиктер), сауда үйлерінің, сауда желілерінің қызметіне шектеу қойылған.

Қаулының толық мәтінімен мына жерден танысуға болады.

Естеріңізге сала кетсек, Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қалада шектеу шаралары қандай жағдайда күшейтілетінін айтқан болатын

Ол коронавирустың ықтимал жаңа толқынына жол бермеу үшін кәсіпкерлерге қатысты қатаңдату шаралары қабылдануы мүмкін екендігін жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1879194-atyrauda-karantindik-sekteu-saralary-zartyldy.html