Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодарда өрт сөндіруші жанып кеткен сауда үйінен бір бума ақша тауып алды

Опубликовано:

Өртенген сауда үйі
Өртенген сауда үйі: Sputnik Қазақстан/ Павлодар облыстық ТЖД

Павлодарда "Арай" сауда үйіндегі өрт ауыздықталғаннан кейін өрт сөндіру қызметкері сауда нүктелерінің бірінен бір бума ақша тауып алып, иесіне қайтарып берген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Төтенше жағдайлар бойынша департамент Sputnik Қазақстан басылымына павлодарлық "Арай" сауда үйінде өрт ауыздықталғаннан кейін өрт сөндіру қызметкері Бауыржан Жанғузин екінші қабаттағы сауда нүктесінен бір бума ақша тауып алғанын мәлімдеді.

Ол ақша иесін табу үшін сауда үйінің басшылығына жүгінген. Жанғузинннің сөзінше, ол иесін растау үшін ақша көлемін сұраған. Нүкте иесі барлық соманы дұрыс айтқан соң бар қаржыны қайтарып берген.

"Мен мұны ерлік деп есептемеймін. Мұндай қасиеттер әр азаматтың бойында болуы тиіс. Бұл қалыпты жағдай",- деді Бауыржан.

Айта кетейік, осыған дейін Павлодар облысында жол апатынан төрт адам көз жұмғанын хабарлаған едік.

Өңірлік денсаулық сақтау басқармасының ақпарынша, 103 телефонына Ақтоғай-Ақжол тас жолындағы жол-көлік оқиғасы туралы куәгерлерден қоңырау түскен. Жеделдіктің бірінші санаты бойынша ТЖ орнына Ақтоғай ауылының орталық аудандық ауруханасының жедел жәрдем бригадасы және Жолболды және Ақжол ауылдарынан медицина қызметкерлері жіберілген.

"Анықталғандай, жол апатынан 1977, 1960, 1949 және 1942 жылдары туған төрт адам зардап шеккен, олардың бірі – Ақтоғай ауылының тұрғыны және үшеуі – Ақжол ауылының тұрғыны Ауыр жарақат алғандар қайтыс болды", – деп хабарлады басқармада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1879207-pavlodarda-rt-sndirusi-zanyp-ketken-sauda-jinen-bir-buma-aksa-tauyp-aldy/

pixel