RU

Елде өткен тәулікте тағы 70 адам коронавирус жұқтырды

Коронавирус
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қазақстанда өткен тәулікте тағы 70 адамнан коронавирус расталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы - 3

Алматы қаласы - 9

Шымкент қаласы - 4

Ақмола облысы - 5

Атырау облысы - 8

Шығыс Қазақстан облысы - 11

Жамбыл облысы - 2

Батыс Қазақстан облысы - 5

Қарағанды облысы - 6

Қостанай облысы - 4

Павлодар облысы - 1

Солтүстік Қазақстан облысы - 12

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 108901.

Айта кетейік, Қазақстанда жұмыста жүріп коронавирустан қайтыс болған 182 медицина қызметкерінің отбасына 10 миллион теңгеден әлеуметтік өтемақы төленеді. Денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдеуінше, төлем осы аптаның соңына дейін жасалмақшы.

Ведомствоның Facebook-тегі ресми парақшасында коронавирус пен пневмониядан көз жұмған медицина қызметкерінің отбасы түгел әлеуметтік төлем алатыны белгілі болды.

"Ауырған және қайтыс болған медицина қызметкерлеріне бір реттік әлеуметтік төлемді қарау және беру рәсімдерін жеңілдету үшін Денсаулық сақтау министрлігі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп, 2020 жылғы 10 қазандағы Бірлескен бұйрыққа өзгерістер мен толықтырулар енгізді.

Осылайша, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың коронавирус инфекциясының екінші толқынына дайындық жайлы отырыста берген тапсырмасы жедел, қысқа уақытта орындалды", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1879211-elde-tken-tulikte-tagy-70-adam-koronavirus-zktyrdy.html