RU

Қатерлі ісікке шалдыққан балалар Алматыда С гепатитін жұқтырып алды (видео)

Науқас
Көрнекі фото: LWA / Getty Images

Оңтүстік астанада қатерлі ісікпен ауыратын кәмелетке толмаған балалардың С гепатитін жұқтыру жағдайы тіркелді. Қалалық санитарлық дәрігерлер жұқтырудың орын алу себептерін анықтау үстінде деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Науқас балалардың ата-аналары дертті Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының қызметкерлері жұқтырды деп күдіктенуде. Аталмыш мекеменің емделушілері арасында бірнеше жұқтыру жағдайы анықталған.

«Астана» телеарнасының хабарлауынша, бұл оқиға Алматыдағы жаңа эпидемиологиялық жанжалға айналуы ғажап емес.

Ата-аналардың алғашқы легі жасырын түрде шағым түсіріп үлгерген. Қанның қатерлі ісігі немесе лейкемиямен ауыратын балалардан да С гепатиті анықталып жатыр. Олардың барлығы бір жерде тұрақты ем қабылдағаны белгілі болды.

Ата-аналар орталық балаларға инфекцияны қан құю арқылы жұқтырған болуы мүмкін деп күдіктенеді, дегенмен ғылыми орталық қызметкерлері вирус ауруханаға жатқызу кезінде анықталғанын алға тартуда. Себебі, айтуларынша олар емдеуді бастамас бұрын барлық науқастарды тексерістен өткізеді.

"Бұл жерде инфекцияның қай кезеңде болғанын анықтау өте қиын, дегенмен эпидемиологиялық тергеу жүргізілетін болады. Ең бастысы - шара қолдану керек. Ал бұл балалар үшін ең бастысы - негізгі ауруды емдеуді жалғастыру, өйткені С гепатиті жақсы емделеді, дәрі-дәрмектер бар", - деді Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы басқарма төрағасының орынбасары Лязат Манжуова.

Медициналық мекеме инфекцияға қатысы бар екенін жоққа шығарды.

«Біз 100% бір реттік медициналық өнімдерді қолданамыз, бәлкім біз секілді бірде-бір клиника бұлайша алаңдамайтын шығар. Оның үстіне өнімдердің бәрі ата-аналардың көз алдында ашылады», - деді Манжуова.

Қазіргі уақытта мекеме С гепатиті расталған 11 кәмелетке толмаған баланы емдеп жатқаны белгілі, олардың екеуінде вирус биыл анықталса, ал қалғандары өткен жылы дерт жұқтырған.

Дәрігерлер барлық науқастардың жағдайы тұрақты дейді: олар оқшауланған және қатерлі ісікке қарсы емделуін жалғасуда. Қатерлі ісіктің беті қайта бастағаннан кейін науқастарға гепатитке қарсы ем тағайындалады.

Алматылық санитарлық дәрігерлер қатерлі ісік ауруына шалдыққан балалардың гепатит С-ны қалай жұқтырғанын анықтау мақсатында тергеу жүргізуде. Науқастар ем қабылдаған ғылыми орталық пен барлық басқа мекемелердің жұмысы мұқият тексеріліп жатыр.

"Қан компоненттерін жеткізу, оларды қолдану, сондай-ақ медициналық персоналдың дайындығы және процедура қандай жағдайда жүзеге асырылғаны толықтай тексерілетін болады», - деді БАҚ өкілдеріне маман Әсел Қалықова.

Құйылуға арналған қан мекемелерге республикалық қан орталығынан жеткізілетіні де атап өтілді. Сол себепті, аталмыш мекеме де тексерістен өтуі әбден мүмкін. Алайда, мамандар гепатит С инфекциясының балалар арасында жұғу көзін анықтау өте қиын болады. Себебі, аурудың тек инкубациялық кезеңі бірнеше айдан бір жылға дейін созылады дейді.

Еске сала кетейік, бұған дейін біз елімізде коронавирус жұқтырған оқушылардың саны артып жатқанын жазған едік.

Одан бөлек,оқушылар екінші тоқсанда қалай оқитынын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1879213-onkologiamen-auyratyn-balalar-almatyda-s-gepatitin-zktyryp-aldy-video.html