RU

Маңғыстаулық полицейлер басшы тарапынан психологиялық қысым жасалғанын айтты

Полицей1
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Маңғыстау облысы қылмыстық атқары жүйесі департаментінің қызметкерлері жетекшілерінің үстінен ұжымдық арыз жазған. Полицейлер басшылық тарапынан психологиялық қысым жасалатынын айтқан деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ұжымның хаты әлеуметтік желіде пайда болып, хат авторлары "Еуразия" бірінші арнасының журналистерімен байланысқан. Олар істі мүмкіндігінше жария еткісі келеді.

Телеарнаның хабарлауынша, Маңғыстаудағы ГМ 172-6 арнайы мекемесінде жұмыс істейтін полицейлер басшылықтың үстінен шағымданған.

Олардың сөзінше, басшылары оларға тыныш жұмыс істеуге мүмкіндік бермей, қол астындағыларға психологиялық қысым көрсетіп, үнемі жұмыстан шығарамын деп қорқытады.

"Ол бәрін жұмыстан шығарамын деп жиі айтады", - делінген хатта.

Тәртіп сақшыларының сөзінше, басшылық жұмыстан шыққандардың орнына қаржы полициясында қызмет ететін достарын әкелемін дейтін көрінеді. Сонымен бірге полицейлер оған жағымпазданып, дос болған адамдардың жұмыста еркін жүретінін айтқан.

Мекемеде қызметтік тексеріс басталып, жақын арада нәтижесі жария етілмек.

NUR.KZ редакциясы Ішкі істер министрлігі ҚАЖ комитетінің баспасөз қызметіне сұрау салды.

Ведомство Жарылғаповтың Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖД бастығы қызметіне тағайындалғаннан бері арнайы мекеме сотталғандардың материалдық-тұрмыстық жағдайларын жақсарту, оларды жұмысқа орналастыру және босатуға дайындық бойынша біраз жұмыс жүргізгендігін хабарлады.

"Осы жасырын хабарламаға қатысты, ҚАЖ департаментінің ішкі қауіпсіздік бөлімі нәтижесінде себептер мен жағдайлар анықталатын қызметтік тергеуді бастады.
Одан бөлек, осы уақытқа дейін Маңғыстау облысы ҚАЖД және ГМ-172/6 мекемесі қызметкерлерінен Қ.Жарылғаповтың заңсыз әрекеттері туралы шағымдар мен арыз түскен жоқ", - делінген ведомствоның хабарламасында.

Еске сала кетейік, жазықсыз жұмыстан қуылған аралдық полицей Нұрболат Әлнашовтың министр Ерлан Тұрғымбаевтан көмек сұрағанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1879226-magystaulyk-policejler-bassy-tarapynan-psihologialyk-kysym-zasalganyn-ajtty.html