Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында енесі келінін есінен танғанша аяусыз соққыға жыққан

Опубликовано:

Зорлық
Фото: vse42.ru

Алматы облысында аяусыз соққыға жығылған келіннің жағдайына алаңдаушылық білдірген қоғам белсенділері жанайқайын жеткізді. Олар келінін ұрып-сабаған ененің жеңіл жазамен құтылып кетуі мүмкін екенін айтып, дабыл қақты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы "Астана" телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Қоғам белсенділерінің айтуынша, келіннің соққыға жығылу жағдайы ұзақ уақыт бойы жалғасқан.

Полиция өңірде тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарының саны артқанын растап отыр. Тек жыл басынан бері 19000 отбасыдан соққыға жығу жағдайы тіркелген.

Күйеуінің анасынан жәбір көрген 24 жастағы келін жқаі соққыға жығылып отырған. Ақыры ұрып-соғудың салдарынан ол есінен танып, бірнеше сағат өзіне келмеген екен. Әбден шыдамы таусылған келін қоғам белсенділерінен көмек сұрайды.

"Не молчи" қорына тағы бір өтініш келіп түсті. Енесі келінін ұрып тастаған. 1996 жылғы жас келін. Соққылар жеткілікті дәрежеде ауыр болған сияқты, өйткені ол 4 сағат бойы ес-түссіз жатқан", - дейді «NEMOLCHI.KZ» ҚҚ басшысы Дина Смаилова.

Қылмыстық кодексте "ұрып-соғу" денсаулыққа жеңіл зиян келтіру ретінде сипатталатынын алға тартқан қоғам белсенділері енесі жазасыз қала ма деп алаңдаушылық білдірді.

Көпшілік соққыға жығушылардың жазасын қатаңдату туралы мәселені бірнеше рет көтергенімен, бастама қолдау таппаған. Жуырда сот Ақтөбеде әйелінің бетін кесіп тастаған адамға үкім шығарған болатын. Оның небәрі төрт жылға бас бостандығынан айырылғанын алға тартқан қоғам белсенділері жазаны қатаңдату керектігін айтты.

"Шын мәнінде, сіз қылмысты сараласаңыз, бұл аса қатыгездікпен жасалған қылмыс. Ал қатыгездік болғанын дәлелдеу өте қиын. Біз тағы да ауыр жазаға тарту мүмкіндігін жоғалттық", - дейді Дина.

Отбасылық зорлық-зомбылық көбі мас күйінде жасалады. Алайда, сондай істердің 60% -ы тараптардың татуласуымен аяқталады. Отбасындағы зорлық-зомбылық құрбандары, әдетте, туыстарының қысымымен кінәліні кешіре салады екен.

"Отбасылық-тұрмыстық саладағы заң бұзушылық фактілері бойынша қолданылатын шараларға түзетулер енгізу ұсынылуда. Құзырлы органдарға кінәліні уақытша, мәселен 10 тәулікке үйінен шығарып жіберу мүмкіндігін қарастыру ұсынылып отыр", - дейді Қазақстан Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мұрат Баймұқашев.

Полицияның хабарлауынша, аталмыш ұсыныс құжат түрінде рәсімделіп, заң жобасы аясында қарастырылу үстінде. Құжатта отбасылық зорлық фактісіне жазаны қатаңдату мүмкіндігі де қарастырылуда. Барлық ұсыныстар мәжілісте талқыланады.

Еске салсақ, бұған дейін Ақмола облысының тұрғыны 14 жастағы қызын көсеумен ұрып, иығын сындырған болатын.

Одан бөлек, Шымкентте бұрынғы күйеуі аңдып жүріп, сабап кеткен келіншекке қатысты жаңа дерек шыққан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1879237-almaty-oblysynda-enesi-kelinin-esinen-tangansa-aausyz-sokkyga-zykkan/

pixel