RU

"Дәрігердің кінәсі": Семейде 9 айлық сәбиінен айырылған келіншек жанайқайын айтты

Нәресте
Көрнекі фото: pixabay.com

Семейде 9 айлық сәби дәрігер салғырттығынан көз жұмды. Бұл туралы нәрестенің анасы мәлімдеді деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Келіншектің сөзінше, қазан айының тоғызы күні баласының жағдайы күрт нашарлап, іші өтіп, құсқан.  Зәре құты қашқан анасы жедел жәрдемге хабарласыпты. Алайда дәрігерлер  баланы тексерместен, "Жұқпалы аурулар ауруханасына" жеткізген.

Бірақ ақ халаттылар нақты себебін түсіндірместен, сәбиді қалалық медициналық университеті ауруханасына жөнелткен. Ең сорақысы, сәбиді 15 минут бойы ешкім қарамаған, дейдің анасы.

Сонымен қатар, семейлік келіншек сәбиін хирург, педиатр, невропатологқа тексеруге жібергенімен,  мамандар ауруханаға жатқызудан бас тартқанқанын атап өтті.

Соның салдарынан, нәресте 10-на қараған түні белгісіз аурудан көз жұмған.

Қазіргі уақытта сәбидің өлімінен не себеп болғаны белгісіз.

Осы жағдайға қатысты Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқарамасы тексеріс бастағанын мәлім етті.

"Семейдегі оқиғаға байланысты арнайы комиссия құрылып, олар жағдайды тексеруге аттанды. Қазіргі таңда біз Семейдегі мамандардың диагнозын ғана білеміз. Ал басқа мәселелер тергеу кезінде белгілі болады", - деді ана мен бала жөніндегі облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Райфа Сафиоллинова.

Еске сала кетейік, осыған дейін 23 жасында 6 баланың анасы атанған келіншек өз оқиғасымен бөліскен еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1879241-drigerdi-kinsi-semejde-9-ajlyk-sbiinen-ajyrylgan-kelinsek-zanajkajyn-ajtty.html