RU

Колониядан бір жыл бұрын қашып кеткен ер адам Нұр-Сұлтаннан табылды

түрме
Көрнекі фото: www.centralasian.org

Өткен жылдың тамыз айында Павлодар облысындағы колониядан 38 жастағы ер адам қашып кеткен еді. Ел бойынша іздеу жұмыстары жүргізілді. Осылайша ол бір жыл өткен соң елордадан табылған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Павлодар облысы ҚАЖД сілтеме жасап.

Ер адам алаяқтық жасағаны үшін сотталып, бастапқыда қауіпсіздігі орташа колонияға жіберілген.

2019 жылдың сәуірінде жаза жеңілдетіліп, сотталушы колония қонысына ауыстырылған. Онда сотталушылар мекеме аумағындағы жұмысқа барып, емін-еркін жүріп-тұруға құқылы.

Өткен жылдың тамызында 38 жастағы ер адам колониядан өз бетінше кетіп қалған. Анықталғандай, ол Нұр-Сұлтандағы отбасына барыпты.

"Қылмыстық-атқару жүйесінің жедел қызметкерлері Екібастұз полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп, сотталғанның тұрған жерін анықтау бойынша жұмыстар жүргізді.
Одан бөлек біз бір жылдан астам уақыт тұтқында таба алмадық. Қазір ол Павлодардағы уақытша ұстау изоляторында. Сотқа оны орташа қауіпсіздік мекемесіне қайтару үшін материал жібереміз", - деді АП-162/10 мекемесінің басшысы Ербол Шәріпов.

Астанада сотталушының қызы мен азаматтық некедегі әйелі тұрады. Ол Нұр-Сұлтанда бір жыл ішінде тұрғылықты мекен-жайын бірнеше рет ауыстырған. Қазір ол қайтадан қамауға алынды. Ендігі оның тағдырын сот шешетін болады.

Еске сала кетсек, Павлодарда маньяктардың түрмеден қашқаны туралы ақпарат Whatsapp арқылы тарап кеткен еді.

Онда үш жаза өтеушінің Павлодар түрмесінен қашып кеткені айтылады. Сондай-ақ олардың көптеген кісі өлімі мен зорлық-зомбылық әрекеттерге барғаны жазылған.

Өңірдің қылмыстық-атқару жүйесі департаменті аталған ақпаратқа пікір білдірді. Ведомствоның баспасөз қызметі мәлім еткендей, хабарламада көрсетілген АП-162/4 колониясынан, сондай-ақ аймақтағы басқа да түзету мекемелерінен ешкім қашпаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1879245-koloniadan-bir-zyl-bryn-kasyp-ketken-er-adam-nr-sltannan-tabyldy.html