Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бастығының заңсыз тапсырма бергенін айтқан өскемендік полицей көптен көмек сұрады

Опубликовано:

Фото
Фото: instagram.com/megapolis.kz

Әлеуметтік желіде Шығыс Қазақстан облысы полиция қызметкерінің үндеуі жарияланды. Айтуынша, бастығы тұтқындалған азаматты жерлеу рәсіміне байланысты босатуға мәжбүрлеген. Мұнымен қоса, бұл жауапкершілікті өз мойнына алатынын айтыпты. Алайда өскемендік полицей бастығының талабын орындаймайтынын алға тартып, мұны заңға қайшы әрекет екенін жеткізді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

"Шарасыздықтан осындай видео үндеу жариялап отырмын. Себебі менің бастығым сот шешімімен 15 күнге қамалған 1970 жылғы азаматты бостауды талап етті.  Бұған дейін әлгі азамат мас күйінде көлік айдағаны үшін жазаланған болатын. Бірақ ол  жерлеу рәсіміне барып келуі керек екен.  Осы ретте оны босату керексің деп айтты. Ал жауапкершілікті бастық өз мойынана аламын дейді.  
Дегенмен мен онымен келіспедім. Артынша мені боқтап, қысым көрсетті. Мен барлығын аудиожазбаға жазып алдым, құзырлы органға жолдадым.  Менің ойымша заң алдында барлығы да тең болуы керек!  Шарасыздықтан қайда барып шағымданарымды білмей отырмын", - деді Шар қаласының полиция қызметкері Еркебұлан Миримбаев.

Айта кетейік, видео жолдаған полицей 2013 жылдан бері Жарма ауданының Шар қаласындағы тергеу изоляторында жұмыс істейді. Бұл оқиға ішкі істер министрлігімен бас прокуратураға жолданған екен.

Телеарна таратқан ақпаратқа сәйкес, құзыретін асыра пайдаланбақ болған басшы тек сөгіспен құтылған.

Алайда қоғамда үлкен резонанс тудырған бейнежазба министрдің назарына ілініпті. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев оны өз бақылауына алатынын жеткізген.

Сонымен қатар өңірдің полиция департаментінде де қызметтік тексеру басталды.

Еске сала кетсек, жазықсыз жұмыстан қуылған аралдық полицей министрден көмек сұрағанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1879248-bastygyny-zasyz-tapsyrma-bergenin-ajtkan-skemendik-policej-kpten-kmek-srady/

pixel