Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әнші Абай Бегей тағы да әке атанды (фото)

Опубликовано:

Абай Бегей
Фото: Instagram/abai_begei

Отандық танымал әнші Абай Бегейдің бесінші перзенті дүниеге келді. Шоу-бизнес жұлдызы мен оның жары бұл жолы қызды болған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қуанышы қойнына сыймаған әке бұл жақсы жаңалығымен бірден әлеуметтік желіде бөлісуді жөн көрген. Ол Instagram парақшасында арнайы жазба жариялап, көпшіліктен сүйінші сұрады.

"Аллаға шүкір! Ерке, Сымбат, Әминаның соңынан еретін қыз дүниеге келді" , - деп жазып қойды көпбалалы әке.

Сонымен қатар, өнер иесі дүние есігін енді ғана ашқан сәбиінің алғашқы суретін да жүктеді. Алайда, онда нірестенің тек қолы ғана көрінеді.

Әншінің жанкүйерлері ерлі-зайыптыларды жарыса құттықтап, оларға деген өз ақ тілектерін білдіріп жатыр. Оған қоса, эстрада жұлдызының өнердегі бірқатар әріптестері де көпбалалы әкеге құттықтауын жеткізуде. Олардың арасында Асхат Тарғын, Жазира Байырбекова, Төреғали Төреәлі және т.б. бар.

Белгілі болғандай, Абай Бегейдің жары күні кеше босанған. Ол өнер иесінің екінші әйелі болып табылады. Ерлі-зайыптылардың ортақ екі баласы бар. Жаңа туған қыздан үлкен Мүсілім деген ұлдары бар.

Айта кетейік, әншінің алғашқы әйелі ауыр сырқаттан көз жұмған болатын. Эстрада жұлдызының бірінші некесінен үш қызы бар. Бастапқыда, екінші мәрте отау құрғанда Абай Бегейдің тұңғышымен арақатынасы бұзылып, кейіннен әкесі мен қызы мәселені шеше отыра татуласқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1879262-nsi-abaj-begej-tagy-da-ke-atandy-foto/

pixel