Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан оқушылары күзгі каникулда неше күн демалады

Опубликовано:

Коронавирус
Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстан оқушылары күзгі каникулда 10 күн демалатыны белгілі болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Еліміздің Білім және ғылым министрлігі Қазақстан мектептерінде оқушылардың бірінші тоқсаннан кейінгі каникулы қай күннен басталып, қанша уақытқа дейін созылатынын айтып берді.

"Күзгі каникул мерзімі 10 күнді құрайды. Оқушылар 5-14 қараша аралығында демалады", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін елімізде коронавирус жұқтырған оқушылардың саны артып жатқаны анықталған болатын. Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қоджахметов ресми деректерді келтірген еді. Оған сәйкес, дерт жұқтырған оқушылар саны бойынша Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстары көш бастап отыр.

Одан бөлек,оқушылар екінші тоқсанда қалай оқитыны белгілі болды. Алматы білім басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Жұманов қалада эпидемиологиялық жағдай жақсарса, ең алдымен 1-4 сынып оқушылары дәстүрлі форматқа көшетінін мәлімдеген.

Оның сөзінше, халықтың сырқаттану деңгейі тұрақты түрде төмендеген кезде оқытудың дәстүрлі форматына кезең-кезеңімен көшу мәселесі қаралады екен.

Сонымен қатар, Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов брифинг барысында қашықтан оқыту туралы сөз қозғап, дәстүрлі форматқа ауысудың мерзімі туралы айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1879287-kazakstan-okusylary-kzgi-kanikulda-nese-kn-demalady/

pixel