Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Солтүстік Қазақстан облысына алты блок-бекет қойылды (фото)

Опубликовано:

Блок-бекет
Фото: polisia.kz

Солтүстік Қазақстан облысының екі аудан орталығына алты блок-бекет қойылып, полицейлер кезекшілік ұйымдастырған деп жазады KAZ.NUR.KZ ІІМ ресми сайты Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Мұнда тәртіп сақшылары COVID-19 таралуының алдын алу үшін жұмыс істеп жатыр. Олармен бірге санитарлық дәрігерлер, медицина қызметкерлері мен әкімдік өкілдері де қызмет етуде.

Сонымен Мағжан Жұмабаев ауданындағы Булаево қаласының кіребірсіне 9 қазанда 4 блок-бекет қойылды. 12 қазан түнгі 00:00-ден бастап Мамлюткада тағы екі бекет қызметін бастаған.

Одан бөлек, құқық қорғаушылар Есіл ауданының әкімшілік орталығы Явленка ауылында патрульдеуді күшейткен. Мұнда тәртіп сақшылары шектеу шараларының сақталуын бақылайды.

Полицияның дерегінше, шілде айынан бастап өңірде 1,5 мың санитарлық ереже бұзушылық анықталған. Оның 745-і Петропавлға тиесілі.

Блок-бекет
Фото: polisia.kz

Еске сала кетсек, 9 қазаннан бастап Мағжан Жұмабаев ауданының орталығы Булаев қаласында қатаң шектеу шаралармен қатар, кіруге және шығуға тыйым салынған карантин енгізілгенін жазған едік.

Қала тұрғындарының үйлерінен шығуы түнгі сағат 22-ден таңғы 6-ға дейін (жұмысқа шығу және медициналық көмек алуды қоспағанда) шектелген.

Айта кетсек, осыған дейін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой президенттің қатысуымен өткен коронавирустың екінші толқынына дайындық жөніндегі кеңесте елімізде локдаунның қашан енгізілуі мүмкін екенін айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1879289-soltstik-kazakstan-oblysyna-alty-blok-beket-kojyldy-foto/

pixel