Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қомақты бюджет қаражатын игере алмаған министрліктер мен әкімдіктер белгілі болды

Опубликовано:

Теңге
Көрнекі фото: pixabay.com

Үкімет отырысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев қомақты бюджет қаражатын игере алмаған министрліктер мен әкімдіктерді атады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Еліміздің Қаржы министрі келтірген мәліметтерге сәйкес, мемлекеттік бюджеттің шығыстары 99,5 пайызға, республикалық бюджеттің шығыстары - 99,8 пайызға атқарылып, 10 трлн 272 млрд теңгені құраған. Сонымен қатар, 26 млрд теңге атқарылмаған.

Ал жергілікті бюджеттердің шығыстары 99,5 пайызға атқарылыпты. Министр республикалық бюджеттің атқарылмаған қаржысына кеңірек тоқталып өтті.

"Оның ішінде үнемдеу – 6 млрд теңге, игерілмегені – 20 млрд теңге. Игерілмеудің неғұрлым ірі сомасы мынадай орталық мемлекеттік органдарда қалыптасты: Мәдениет және спорт министрлігі, Бас прокуратура, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі. Игерілмеудің негізгі себептері - конкурстық рәсімдерді, шарттарды жасасу рәсімдерінің ұзақ өткізілуі, орындалған жұмыстар актілерін ұсынбау, карантиндік шектеулерге байланысты тауарларды жеткізбеу, нақты көрсетілген қызметтер көлемі, орындалған жұмыстар үшін ақы төлеу", - деді министр.

Ерұлан Жамаубаев орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдар жоспарланған қаражатты, сондай-ақ Үкімет резервінен бөлінген ақшаны игеруді жеделдетуі қажет екенін ескертуде.

"Яғни, бюджеттік тәртіпті күшейту қажет. Пайдаланылмаған резервтік ақшаны осы жылдың соңына дейін бюджетке қайтаруға тура келеді", - деді ол.

Ерұлан Жамаубаевтың айтуынша, жергілікті бюджет шығыстары 5,6 трлн теңгені құрап, атқарылмағаны 30 млрд теңгені құраған.

"Ең көп игерілмеген қаржы мына өңірлерде қалыптасты: Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында және Нұр-Сұлтан қаласында", - деді ол.

Еске салсақ, бұған дейін біз Қазақстанда зейнетақы төлеу үшін мемлекеттік бюджеттен қанша ақша бөлінетінін жазған едік.

Одан бөлек, отандық сарапшылар теңгенің болашағына болжам жасағанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1879294-komakty-budzet-karazatyn-igere-almagan-ministrlikter-men-kimdikter-belgili-boldy/

pixel