RU

Марқұм анасын есіне алған Қайрат Әділгерей жылап жіберді (видео)

Қайрат Әділгерей жылап отыр
Фото: Видеодан кадр

Отандық танымал әзілкеш Қайрат Әділгерей марқұм анасын есіне алып, сұхбаты кезінде көз жасын тыя алмай, жылап жіберді. Түрлі жетістіктерге жетіп, талай белестерді бағындырып жатқан шағында қасында анасының болмағаны актердің жанына қатты батады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Белгілі болғандай, өнер иесінің анасы оның ешбір концертінде болып үлгермеген. Ол кісі ұлы әлі қалың көпшілікке танылмай тұрғанда өмірден өткен.

Қайрат Әділгерей бүгінгі күні қажеттісінің бәрі қолында болғанымен, анасының жоқтығы жүрегін ауыртатынын жасырмады. Белгілі актер тіпті ата-анасын күтіп алып, солардың тірліктерімен айналысып жүретін достарына қатты қызығатынын айтты.

Әзілкеш "Talk Like" бағдарламасына берген сұхбаты барысында анасы жайлы жан сырын ақтарып, өзін ұстай алмай жылап жіберді.

"Мен үшін бүгінде кем дүние жоқ. Бірақ, анам марқұм "Алматыны қайтесің. Ол менің өтіп кеткен жерім" деді. Кейін үлкейген соң, қатты ауырып қалды. Маған кеткісі келді. Ал менің жағдайым жоқ. 2010-да қайтты ол кісі.Қазір болса, менде бәрі бар. Бірақ, маман жоқ. Көрген жоқ ешқайсысын. Менің өскенімді көрген жоқ. Мені тек оқытты, тоқытты. Сол үшін еңбектенді. Үлкен немересін көріп үлгерді. Үш-төрт айында. Қырық жыл бухгалтер болған адам ғой.
Қатты ауырды. Соңында екіге екіні қоса алмай, ақшаның түрін танымай кетті. Сол бір кем дүние мен үшін. Ауылға барған сайын, туған жерге табанымды тіреген сайын анаммен амандасып, қайтарда қоштасып кетемін. Сүйегі сол жерде. Ешбір концертімде де бола алмады. Жетістіктерімді көрмеді. Сол нәрсе іштен қынжылтады. Достарым ата-анасын күтіп алуға, анасын күтіп алуға бара жатқанын айтқанда осы ой келе береді" , - деп ағынан жарылды Қайрат Әділгерей.

Актердің анасы туралы айтқан сәтінен үзінді Instagram желісіндегі qaz.stars парақшасында жарияланған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1879296-markm-anasyn-esine-algan-kajrat-dilgerej-zylap-ziberdi-video.html