RU

Нұр-Сұлтанға шетелден келген 104 жолаушы карантинге алынып, біреуі депортацияланды

Әуежай
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

13 қазан түнде елорда әуежайына FlyDubai, Turkish Airlines және Air Astana әуе компанияларының төрт ұшағы келіп қонған. Талапқа сай 514 жолауышының 104-де ПТР-анықтама болмаған. Тағы бір адам депортацияланған деп жазады KAZ.NUR.KZ "Нұрсұлтан Назарбаев" халықаралық әуежайының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Халықаралық рейстермен келген 104 жолаушыда ПТР-тест анықтамасы болмағандықтан, олар карантинге алынған.

ПТР-тест тапсырған соң ол теріс нәтиже көрсетсе, онда азамат үйіне қайтарылады. Ал коронавирус жұқтырғаны расталса, онда жолаушы инфекциялық стационарға жатқызылады.

Сонымен қатар коронавирус жұқтырмағанын растайтын анықтамасы жоқ Канада азаматы депортацияланғаны белгілі болды.

Еске сала кетсек 8 қазанда Нұр-Сұлтанға ПТР-тест анықтамасыз ұшып келген 122 адам карантинге алынғанын хабарлаған едік. Әуежайға қонған төрт ұшақтың бортында 828 жолаушы мен экипаждардың 36 мүшесі болған.

Сондай-ақ, 6 қазанда елордалық әуежайға төрт ұшақ келіп қонды. 170 жолаушының ПТР-тест анықтамасы жоқ екені, кейбірінің мерзімі өтіп кеткені анықталды. Олардың барлығы стационарларға жіберілген.

Айта кетсек, 6 қазаннан бастап елімізде шетелден ұшып келетін азаматтардан ПТР-тест анықтамасы талап етіледі. Бұл туралы Көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабылов айтқан болатын.

Жолаушыларда Қазақстан шекарасынан өтетін сәтке дейінгі үш тәуліктік мерзімі бар ПТР анықтамасы болуы қажет. Яғни коронавирус жұқтырмағанын растайтын анықтама шекараға дейінгі 72 сағатта жасалуы керек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1879322-nr-sltanga-setelden-kelgen-104-zolausy-karantinge-alynyp-bireui-deportacialandy.html