Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шығыс Қазақстанда 58 оқушы коронавирус жұқтырып алған

Опубликовано:

Оқушы
Көрнекі фото: pixabay.com

Шығыс Қазақстан облысында оқушылар арасында коронавирус жұқтырғандар көбеюде. Соңғы деректерге сәйкес, өңірде 58 баладан COVID-19 анықталған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ

Мектепке барып білім алып жүргендер ғана емес, қашықтықтан оқып жүрген балалар да коронавирус жұқтырып жатыр.

ШҚО Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің деректеріне сүйенсек, оқу жылы басталғалы бері өңірде коронавирус жұқтырған 58 оқушы тіркелген.

Оның 24-і қашықтықтан оқып жүрген балалар. Ал 34 оқушы кезекші сыныптарда білім алған.

"Ауырғандардың ең көбі - 11 оқушы Риддер қаласы мен Алтай ауданында. 10 оқушы Глубокое ауданында тіркелген. 8-і Өскеменде, 7-і Семейде. Көкпекті ауданында 5 оқушы ауырған. Шемонаиха ауданы мен Курчатов қаласындағы мектептерде 2 жағдайдан анықталған. Күршім мен Қатон-Қарағай аудандарында біреуден тіркелген", - дейді ведомство.

Еске сала кетсек, бұған дейін Алматы қаласында қашықтықтан оқып жүрген жеті баланың коронавирус жұқтырып алғанын жазған едік.

Эпидемиологиялық тергеу кезінде 4 оқушының коронавирусты туыстарынан жұқтырған белгілі болған. Тағы екеуі ЖРВИ белгілерімен ақ халаттыларға жүгінген. Әкімдіктің ақпаратынша, шипажай-курортта бронх демікпесін емдеу үшін барған жетінші оқушыдан да COVID-19 инфекциясы анықталған.

Сонымен қатар денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният қашықтықтан сабақ оқып жатқан 73 баланың коронавирус жұқтырғанын хабарлаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1879326-sygys-kazakstanda-58-okusy-koronavirus-zktyryp-algan/

pixel