Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қуат Хамитовтың келесі жекпе-жегі қашан өтеді

Опубликовано:

Фото
Фото: Марат Қалдыбаев

Қазақстандық файтер Қуат Хамитов келесі жекпе-жегі өтетін күнді жариялады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Бұл туралы спортшы әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

"Ресми түрде! 4 желтоқсан. Магнитогорск, Ресей! Жекпе-жекке дайындықты бастадық", - деді Хамитов.

Бұған дейін Қуат Хамитов мансабындағы ұзақ үзілістен кейін Ахмад-Хан Боковты Мәскеуде өткен Fight Nights Global 98 турнирінде ұтты.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Алматы полициясы Қуат Хамитовты қамауға алғанын жазған едік.

Кейінірек ішкі істер министрлігі атақты спортшы, аралас жекпе-жек шеберінің ұсталуына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы ведомствоның ресми өкілі Нұрділдә Ораз онлайн брифинг барысында айтты.

Қуат Хамитов басын дауға қалдырған видеосына қатысты түсініктеме беріп, оны әзіл ретінде түсіргенін жеткізді.

Алматы полициясы спортшыдан жауап алған соң, оны босатып үйіне жіберді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/1879327-kuat-hamitovty-kelesi-zekpe-zegi-kasan-tedi/

pixel