RU

Қазақстандық футболшы әйгілі Серхио Рамоспен бірге үздіктер құрамасына енді

Фото
Фото: pixabay.com

Футболдан Қазақстан құрамасының қорғаушысы Темірлан Ерланов Ұлттар Лигасының үшінші турының үздік құрамына енді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Қазақпаратқа сілтеме жасап.

SofaScore аналитикалық порталыны ұсынған ақпарат бойынша, Темірлан Ерланов Қазақстан-Албания кездесуінің үздік ойыншысы атанып, 8.1 ұпай жинаған.

Сол матчта Ерланов ұлттық құраманың қақпасын голдан аман сақтап қалған болатын.

Отандық спортшыдан бөлек бұл тізімде әйгілі испаниялық қорғаушы Серхио Рамос қатар тұр. Сонымен қатар үздіктер құрамасынан Мартин Эдегор, Эрлинг Холланд сияқты белгілі футболшыларды да байқау қиын емес.

"Біз бұл ойында қорғанысқа аса мән бердік. Ал қорғаушының қақпашыға көмектесуі – заңдылық. Сол себепті қақпаны голдан аман сақтап қалғанымды ерлік деп санамаймын. Қорғаушы ретіндегі міндетім болатын. Менен басқа да әріптестерім жанын беріп ойнады. Олардың әрқайсысы да менің орнымды баса алады. Әрине, еңбегіңді бағалап, үздіктер құрамына енгізіп жатса, ішің жылып қалады екен", - деді Темірлан Ерланов.

Айта кетейік, отандасымыз Қазақстан құрамасы сапында алғаш рет 2019 жылы 21 ақпанында Молдова құрамасына қарсы алаңға шықты.

Футболшы осы уақытқа дейін 8 матчқа шығып, 1 голмен көзге түскен.

Ұлттар Лигасының үшінші турындағы үздік команда мынадай: Кайл Голдуин (Гибралтар), Темірлан Ерланов (Қазақстан), Серхио Рамос (Испания), Мартин Эдегор, Эрлинг Холлан, Александр Серлот, Биргер Мелинг (барлығы – Норвегия), Анастасиос Бакасетас (Греция), Рауно Саппинен (Эстония), Венсан Тилль (Люксембург), Одмар Фере (Фарер аралдары).

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысынан коронавирус анықталғанын жазған едік.

Сонымен қатар, ұлттық құраманың бұрынғы футболшысы "Астана" клубының жаңа атқарушы директоры болып тағайындалғанын хабарлаған болатынбыз.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1879331-kazakstandyk-futbolsy-jgili-serhio-ramospen-birge-zdikter-kramasyna-endi.html