Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда троллейбустың артына жабысып алған адам жұртты таңырқатты (видео)

Опубликовано:

Алаяқ1
Видеодағы кадр: instagram.com/42500_tenge

Алматыда троллейбустың артқы бөлігіне жабысып алған адам көпшілікті таңғалдырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Видео Іnstagram желісіндегі парақшалардың бірінде жарияланған. Полиция бұл дерекке қатысты пікір білдірді.

"Мұндай әрекеттер жасау жол қозғалысы ережесін өрескел бұзу болып саналады. Ол құқықбұзушының өзіне ғана емес, жол қозғалысының басқа да қатысушыларына қауіп төндіреді. Бұл – дұрыс тенденция емес. Полиция ондай басбұзарлыққа жол беріп қоя алмайды. Жақын арада осы дерек бойынша шара қабылданып, экстремал жауапкершілікке тартылады", – дейді Алматы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Еске салсақ, бұған дейін белгілі академик Вадим Покровский қоғамдық көлікте коронавирус инфекциясын жұқтырып алмас үшін не істеу керек екенін айтып берді.

Оның сөзінше, вирус жұқтыру қаупін азайтуға ауа циркуляциясы көмектеседі. Маманның айтуынша, көліктің терезесі ашық болғаны дұрыс.

Сондай-ақ көшенің ортасында өміріне қауіп төндіретін әрекеттер жасап жатқан ер адамды кептелісте тұрған жүргізушілер ұялы телефондарына түсіріп алғанын жазған едік.

Бейтаныс азамат көпірдің үстіне шығып алып, көпшіліктің көзінше түрлі трюк көрсете бастаған.

Оқиғаға куә болған тұрғындардың жіберген видеосында жас жігіттің қауіпті әдісті іске асырып қана қоймай, іс-қимылын арнайы ұшатын дрон-камерамен түсіріп жатқанын байқауға болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1879337-almatyda-trollejbusty-artyna-zabysyp-algan-adam-zrtty-tayrkatty-video/

pixel