RU

ДДСҰ коронавирусқа байланысты оқшаулау шараларын енгізбеуге шақырды

ДДСҰ коронавирусқа байланысты карантин енгізуді ұсынбайды
Дэвид Набарро. Фото: Michael Nagle/Bloomberg via Getty Images

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мемлекет басшыларын оқшаулануға COVID-19-пен күресудің негізгі күші ретінде қараудан бас тартуға шақырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

ДДCҰ өкілі доктор Дэвид Набарро британдық Spectator журналына берген сұхбатында шектеу шаралары тек соңғы шара ретінде қарастырылуы керек деп мәлімдеді.

"Біз Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы оқшаулауды осы вируспен күресудің негізгі құралы ретінде қабылдамаймыз. Оқшаулау – бұл қайта құру, қайта топтау, ресурстарды қайта теңгерімдеу, қажыған денсаулық сақтау қызметкерлерін қорғау үшін уақыт ұту кезіндегі жалғыз тиімді жол болуы мүмкін. Бірақ жалпы біз бұны қолдануға кеңес бермес едік", – дейді Набарро.

Сарапшы оқшаулану, әсіресе әлемдік экономикаға айтарлықтай зиян келтіретінін атап өтті. Ол локдаундар кедей адамдарды одан да кедей етеді деп санайды. Набарро шектеулер туризм дамыған елдерге қатты әсер еткенін баса айтты.

Оның айтуынша, келесі жылы әлемде кедейлер саны, сондай-ақ аш балалар саны екі есеге өсуі мүмкін.

Еске салсақ, 12 қазан күні Қазақстанда пневмониядан екі адам, ал коронавирустан үш адам қайтыс болды.

Айта кеткен жөн, 2020 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау туралы заң жобасында коронавирус инфекциясымен күреске қосымша 238,7 миллиард теңге бөлу қарастырылған.

Сондай-ақ Ұлттық Банктің қолма-қол ақша айналысы департаменті директоры COVID-19 қолма-қол ақша арқылы жұғады деген ақпаратқа қатысты пікір білдірген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1879348-dds-koronaviruska-bajlanysty-karantin-engizudi-synbajdy.html