RU

Болат Бақауов мәжбүрлі жұмыстан босатылды

Сотталған экс-әкім Болат Бақауов мәжбүрлі жұмыстан босатылды
Болат Бақауов. Фото: instagram.com/pavlodar_region

Болат Бақауов мәжбүрлі жұмысқа тартылмайды. Бұрынғы шенеунік бұл жазаны ресми жұмыс орны болмаған жағдайда ғана өтеуі керек болған. Қазіргі уақытта Павлодар облысының экс-әкімі өзіне жұмыс тапқан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Павлодар облысының қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне сілтеме жасап.

Ресми сауалға жауап ретінде облыстық ҚАЖД сотталған экс-шенеунік қазір Павлодар қаласында тіркелгенін хабарлады. Бұл Болат Бақауовтың облыс орталығында тіркелгендігімен байланысты екені белгілі болды.

Сонымен қатар, ол сотпен жылына 100 сағат тағайындалған мәжбүрлі жұмысқа әлі тартылмағаны белгілі болды.

"Қолданыстағы заңнамаға сәйкес тұрақты жұмыс орны бар немесе мектепте жұмыс істейтін сотталғандар мәжбүрлі еңбекке тартылмайды. Сотталған адам жұмысқа орналасқан. Жеке істегі басқа да ақпарат жарияланбайды", – дейді Павлодар облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз хатшысы Гүлжан Әбдуғалиева.

Еске салайық, осы жылдың мамыр айында Павлодар облысының экс-әкімі Болат Бақауов қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деп айыпталып, 3,5 жылға бас бостандығы шектелген болатын.

Сондай-ақ судья өз үкімінде айыпталушының өтеу мерзімінің барлық кезеңінде жыл сайын шамамен 100 сағаттық қоғамдық жұмысқа тартылу керектігін көрсеткен.

Еске сала кетейік, 2020 жылдың 15 қаңтарда Павлодар облысының экс-әкімі Болат Бақауовтың ұсталғаны жайлы ақпарат тарады.

16 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Бақауовқа қатысты 15 қаңтарда жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілгенін мәлімдеді.

17 қаңтарда Павлодардың тергеу соты бұрынғы әкімді екі айға қамауға алу туралы санкция берді.

Сонымен қатар, сотта 2016 жылдан бері өңірге басшылық етіп келген Бақауовтың не үшін күдіктеліп жатқаны айтылды.

21 қаңтарда мемлекет басшысының жарлығымен Болат Бақауов Павлодар облысының әкімі қызметінен босатылды.

Мамырда оған қатысты сот үкімі шығып, 3,5 жылға бас бостандығы шектелді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1879362-bolat-bakauov-mzbrli-zmystan-bosatyldy.html