RU

Сарапшылар коронавирусқа қарсы екпені кімге салуға болмайтынын айтты

Тәжвирус1
Көрнекі фото: piqsels.com

Сарапшылар онкологиялық, жұқпалы аурулары бар адамдарға, жүктілік пен емізу кезінде коронавирусқа қарсы вакцинациядан бас тартуды ұсынады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ТАСС-қа сілтеме жасап.

Белгілі болғандай науқасқа ауруынан айыққаннан кейін бір айдан кейін ғана екпе салуға болады.

"Вакцинаны қолдануға қарсы көрсеткіштердің қатарында препараттың компоненттеріне деген жоғары сезімталдық, аллергиялық аурулардың ауыр түрлері, алдыңғы вакцинаны салғаннан кейінгі теріс реакция немесе асқыну, жедел инфекциялық және инфекциялық емес аурулар, жедел сатыдағы созылмалы аурулар бар.
Сондай-ақ, вакцинация аурудан айықаннан немесе ремиссиядан кейін бір айдан кейін жүргізіледі. Жеңіл ЖРВИ, асқазан-ішек жолдарының жедел жұқпалы аурулары кезінде вакцинация дене қызуы қалыпқа келгеннен соң жүргізіледі", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, басқа да қарсы көрсеткіштерге бастапқы иммунитет тапшылығы, қан аурулары мен жүктілік және емізу кезеңі жатады.

Препараттың тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы деректердің болмауына байланысты 18 жасқа дейінгі балаларға да вакцина егуге болмайды.

Естеріңізге сала кетейік, коронавирус пандемиясының екінші толқынына дайындық жөніндегі кеңесте сөз сөйлеген Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды коронавирусқа қарсы вакцинамен қамтамасыз етудің маңызды екенін айтқан еді.

Сондай-ақ бұған дейін Алматыда кім үй жағдайында тұмауға қарсы тегін екпе ала алатыны жөнінде жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1879363-sarapsylar-koronaviruska-karsy-ekpeni-kimge-saluga-bolmajtynyn-ajtty.html