RU

Нұр-Сұлтанда мас күйінде көлікке отырған әйел жол апатын жасады

Көлік
Көрнекі фото: pixabay.com

Нұр-Сұлтан полициясы 13 қазан күні түнде Toyota көлігін мас күйінде басқарған әйелдің Лада көлігімен соқтығысқан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, келіншек 26 жастағы жігіттің көлігін соққан.

"13 қазан күні сағат 00:58-де Республика даңғылы мен Абай даңғылының қиылысында мас күйінде Toyota көлігін жүргізген 31 жастағы жүргізушісі бағдаршамның қызыл белгісінен өтіп кетіп, 26 жастағы жүргізуші басқарған Lada автокөлігімен соқтығысқан", - делінген хабарламада.

Жол апаты салдарынан Lada көлігінің ішіндегі 25 және 33 жастағы жолаушылар зардап шеккен. Олар жарақат алып, бірден ауруханаға жеткізілген.

37 және 31 жастағы Toyota жолаушылары медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйлеріне қайтарылған.

Аталған факті бойынша "Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы" бабы бойынша тергеу жүргізілуде.

Нұр-Сұлтан полициясы жол қозғалысының барлық қатысушыларын жол ережелерін сақтауға және жолда өте сақ болуға шақырады.

Айта кетейік, осы жылдың маусым айында Нұр-Сұлтанда мас күйде үш адамды қағып кеткен әйелге қатысты сот үкімі шыққанын хабарлаған едік.

Сот қылмыстың ауырлығын, балалардың зардап шеккенін ескере отырып, айыпталушыны 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарған. Сонымен бірге сотталушы 10 жылға көлік құралын жүргізу құқығынан айырылған.

Сонымен қатар Алматыда мас күйінде көлік тізгіндеп, полициядан қашқан жүргізушінің қолға түскенін жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1879382-nr-sltanda-mas-kjinde-klikke-otyrgan-jel-zol-apatyn-zasady.html