RU

Оңтүстік Кореяда екі Қазақстан азаматы қайтыс болды

Оңтүстік Кореяда екі қазақстандық қайтыс болды
Көрнекі фото: piqsels.com

Бір күн бұрын Оңтүстік Кореяда қайғылы оқиға болды. Анықталғандай шетелде заңсыз жүрген екі қазақстандық тұрғын қайтыс болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы еліміздің сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровқа сілтеме жасап.

Оқиға 12 қазанда болған.

Жергілікті полицияның қазақстандық дипломаттарға берген алдын ала ақпараты бойынша, жұмыс кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан алған жарақаттарынан өлім жағдайы орын алған.

Қазақстан азаматтарының өліміне қатысты тергеу жүріп жатыр. Марқұмдардың Оңтүстік Кореяда заңсыз болғандығы баса айтылған.

"Қайтыс болғандардың туыстарымен байланыс орнатылды. Елшіліктің консулдық бөлімі барлық қажетті құжаттарды дайындайды және азаматтарымыздың денесін отанға қайтару үшін барлық шараларды қабылдайды", – дейді Смадияров.

Еске сала кетсек, Түркияның Анталия қаласының тұрғыны көпқабатты үйдің бақшасынан ауласынан үш айлық баланы тауып алғанын хабарлаған едік.

Анықталғандай, сәбиді анасы Қазақстан азаматшасы болып шыққан. Сәби заттарымен бірге арбада жатқан.

Сонымен қатар Ресейде адам өлтірді деген күдікпен 51 жастағы ер адам ұсталғаны туралы жазған болатынбыз.

Осыдан 26 жыл бұрын Братск ауданына қарасты елді мекеннің маңындағы жол бойында сансыз пышақ жарақат алған ер адамның денесі табылған.

Тергеу мәліметі бойынша, тұтқындалған азамат ұзақ уақыт бойы өз елінде жасырынып жүрген. Ол Қазақстан азаматы болып шықты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1879385-otstik-koreada-eki-kazakstan-azamaty-kajtys-boldy.html