RU

Атамбаев митинг болған күні тергеу изоляторынан не үшін шыққанын айтты

Атамбаев
Фото: РИА Новости/Владимир Астапкович

Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атмабаев Азаптауды алдын-алу жөніндегі ұлттық орталық қызметкерлеріне 6 қазанға қараған түні тергеу изоляторынан не үшін шыққанын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Бгілі болғандай, Алмазбек Атамбаев тергеу изоляторынан өз еркімен шықпаған.

"Атамбаев митингтер өткен түні ҰҚК тергеу изоляторынан өз еркімен емес, ҰҚК басшылығының талабы бойынша шыққанын айтты", - деп хабарлады орталық.

Қызметкерлермен әңгімелесуде кезінде бұрынғы президент оның қайта қамауға алынуы негізсіз екенін айтқан.

"6 қазан күні Первомай аудандық соты сот талқылауына дейін яғни 2020 жылдың 11 қарашасын қоса алғанда бұлтартпау шарасын үй қамағына ауыстыру туралы қаулы шығарды. Сол қаулы бойынша айыпталушылар А.Ш. Атамбаевты, Ф. А. Ниязовты, Р. Б. Дженбековті, М. Ж. Мыскенбаевты, Қ. Р. Сағымбаевты, Ф. Ж. Баабиевті, Р. Қарыпбекуулуды, Қ. А. Осмоналиевті дереу қамаудан босату туралы нұсқау берілген", - деп Атамбаевтың сөзін келтірді Азаптауды алдын-алу жөніндегі ұлттық орталық.

Сонымен қатар, экс-президент құқық қорғаушыларға аяғындағы ауырсыну туралы шағымданғанын, тұтқындау кезінде өзімен бірге дәрі-дәрмектерді алуға рұқсат бермегенін айтты. Препараттар кейінірек жеткізілген.

Сонымен қатар Курсан Асанов та тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды деген айыппен келіспейтінін айтты.

ҰҚК тергеу изоляторының басшылығы оларға Первомай аудандық сотының шешімі келмегенін түсіндірді, ал Атамбаев бұған дейін жарияланған екі сот шешімінің негізінде тергеу изоляторына жеткізілгенін айтты.

Еске салсақ, 6 қазанға қараған түні Бішкектегі наразылық акция кезінде бостандыққа шыққан елдің бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев 10 қазан күні қайта ұсталған еді.

Саясаткер Бішкектегі жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыруға қатысты қозғалған қылмыстық іс аясында тұтқындалған.

Сондай-ақ, Алмазбек Атамбаевтың әйелі Раиса Атамбаева күйеуінің қалай тұтқындалғаны туралы айтып берген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1879393-atambaev-miting-bolgan-kni-tergeu-izolatorynan-ne-sin-sykkanyn-ajtty.html